Бүгін Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев «Qazaqstan» телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына сұхбат берді.
Тікелей эфир барысында Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жетілдіруге қатысты тапсырмаларының орындалу барысы туралы сөз қозғалды. Агенттік басшысы Президенттік жастар кадр резерві, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтен «кіруді» және «шығуды» жеңілдету және мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы айтты.