Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері арнайы оқу курстарынан өтті

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері арнайы оқу курстарынан өтті

Ағымдағы жылдың 31 қазан - 18 қарашасына аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері үшін арнайы оқыту курстарын ұйымдастырды.

De Montfort University Kazakhstan қолдауымен ПЖКР өкілдеріне тренингтерді жоғары дәрежелі кәсіби жаттықтырушылар өткізіп, резервшілердің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуына өз үлесін қосты.

Оқыту 3 негізгі модуль бойынша өткізілді:

  1. Мемлекеттік басқарудағы инновациялар

Тақырыптар: мемлекеттік басқарудағы инновацияның рөлі, ойлау дизайны, сценарийлерді жоспарлау, цифрлық трансформация.

  1. Көшбасшылық және өзгерістерді басқару

Тақырыптар: жобалық менеджмент, басқарушылық шешімдер қабылдау, мемлекеттік сектордағы өзгерістерді басқару, стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, VQ және EQ көшбасшысы, командалық көшбасшылық.

  1. Тиімді байланыс

Тақырыптар: сенімді сөйлеу әдістері, мемлекеттік сектордағы Тиімді коммуникациялар және т.б.