Агенттік төрағасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Агенттік төрағасы азаматтарды  жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жеке қабылдауға бейнеконференцбайланыс арқылы Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары қатысты.

Азаматтар әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың әрекетіне қатысты шағымдармен жүгінді.

Әрбір азаматтың өтініші тыңдалып, арыз-шағымдары бойынша Агенттіктің құрылымдық және аумақтық департаменттеріне тиісті тапсырмалар берілді.