АГЕНТТІКТЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

АГЕНТТІКТЕ ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әкімшілік департаментінің директоры қызметіне – Беспалинов Берген Маратұлы тағайындалды.

Берген Маратұлы 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша;

2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жыл. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 13 жыл көлемінде еңбек етіп келеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарған.