Анар Жаилғанова Мемлекет басшысына білдірген сенімі үшін алғысын білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұжымына бірлескен жұмыс үшін ризашылығын жеткізді

Анар Жаилғанова Мемлекет басшысына білдірген сенімі үшін алғысын білдіріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұжымына бірлескен жұмыс үшін ризашылығын жеткізді

Құрметті әріптестер!

Менің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы лауазымындағы  қызметім өз мәресіне жетті.  Агенттікке жетекшілік еткен 3 жылға жуық уақыт ішінде мемлекеттік аппаратты жетілдіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды.  Атап айтқанда,  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 мәрте Президенттік жастар кадр резервін қалыптастырдық, Мемлекеттік қызметке орналасу бойынша азаматтардың талап тілегін ескере отырып, конкурс процедурасын жетілдірдік, алғаш рет саяси мемлекеттік қызметшілерді ротациялау жүйесін енгіздік, халық игілігі үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында кешенді іс-шараларды қолға алдық және мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа білдірген сенім үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, барша Агенттік ұжымына бірлесе атқарған жұмыстары үшін ризашылығымды жеткіземін. 

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, істеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!