
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова форумның жұмысын аша отырып, «Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы биылғы жылды - Жастар жылы деп атады.
Бүгінгі таңда елімізде жастарға қолдау көрсетуге және олардың әлеуетін жүзеге асыруға көп көңіл бөлінуде.
Бұл тренд 22 мың жас азаматтар қызмет ететін мемлекеттік қызметте де іске асырылуда. Қазіргі таңда Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жас басқарушылар қатарынан мемлекеттік қызметтің барлық кезеңдеріне конкурстан тыс өткізуге арналған кадрлық резерв қалыптастыру мәселесі шешілуде. Бұл терең білімге және жұмыс тәжірибесіне ие, дамушы әрі жасампаз, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тартудың маңызды қадамы" - деп атап өтті.
Форумға қатысушыларды құттықтай отыра, Анар Жайылғанова Мағжан Жұмабаевтың "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!" деген сөзін еске ала отырып, біздің жастарға айрықша үміт артылатынын атап өтті.
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Ақмола облысының табиғаты көркем жерлерінің бірі – Бурабай курорттық аймағында Жас мемлекеттік қызметшілердің республикалық форумы өтуде. Форумды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысшыларының салалық кәсіби одағы» ҚБ бірлесіп ұйымдастырғалы отыр.
Форум шеңберінде «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі – 2019 жыл» республикалық байқауының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Ағымдағы жылы конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 400 астам мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Жеңімпаздарды марапаттай отырып, Анар Жайылғанова «Осындай конкурстың ұйымдастырылуы жастарды қойылған міндеттерді креативті шешуге ынталандырады. Конкурсқа қатысушылар әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік субсидиялау, экологияны жақсарту және өзге де өзекті тақырыптар бойынша жобаларды таныстырды.
Ұсынылған жобалар әрі қарай жүзеге асырылатын болады» деп атап өтті.
Форумға министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, Кәсіподақ федерациясы өкілдері және өзге шақырылған қонақтар қатысуда.
Форумның бағдарламасы қызықты әрі танымдық тұрғыда өте пайдалы: форумға қатысушылар үшін ТМД елдерінен келген танымал бизнес-бапкерлердің, өзгерістер бойынша менеджерлердің, азаматтардың азаматтық және еңбек құқықтарын қорғау, өзгерістерді басқару тетіктері мен үздіксіз дамыту саласындағы PhD докторлардың қатысуымен тренингтер және дәрістер өткізіледі.
Сонымен қатар салауатты ұлтты қалыптастыру мақсатында спорттық тимбилдинг ұйымдастырылады.
Мемлекеттік қызметшілер сакральды жерлерді, ашық аспан астындағы «Ботай – Бурабай» этнокешенін аралап, түрлі мәдени ескерткіштермен, тарихи және мәдени әсем жерлермен, музейлермен және заманауи нысандармен танысу мүмкіндігіне ие болды.




