Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысына қатысты

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысына қатысты

2021 жылғы 8 шілдеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысына қатысты.

Іс-шара Мемлекеттік хатшы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен және орталық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен өтті.

Отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және стипендиядан айыру, сондай-ақ шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2021 жылғы 15 сәуірдегі хаттамалық тапсырмаларының орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, шет елдерге оқуға жіберу арқылы дарынды балаларды қолдау үшін «Бакалавриат» бағдарламасын енгізу туралы мәселе қаралды.