Анар Жаилғанова «Мемлекеттік қызметті жаңғырту – мемлекеттік басқару реформаларын табысты жүргізудің негізгі факторы» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Анар Жаилғанова «Мемлекеттік қызметті жаңғырту – мемлекеттік басқару реформаларын табысты жүргізудің негізгі факторы» тақырыбындағы семинарға қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова «Мемлекеттік қызметті жаңғырту мемлекеттік басқару реформаларын табысты жүргізудің негізгі факторы» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Аталған іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен өткізілді, ұйымдастырушы – Дүниежүзілік банк.

Семинарға сондай-ақ үниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто, Украинаның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина, сондай-ақ Ұлттық экономика, қаржы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің өкілдері қатысты.

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова семинарға қатысушылардың алдында алғы сөз сөйлеп, іс-шара  қатысушылар үшін еркін пікір алмасуға және халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, Анар Жаилғанова Мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру бағытында Агенттік жүзеге асырып жатқан шараларға тоқталып өтті.

«Агенттік пен мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы қазіргі уақытта кадрлық процестерді кезең-кезеңімен цифрландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін «iQyzmet» функционалын әзірлеуде.

Біздің білуімізше, Украина мемлекеттік қызметті цифрландыруды кешенді түрде іске асыруды көздеп отыр, олар Дүниежүзілік банктің қолдауымен персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін (HRMIS) әзірлеуде, ол персоналды іріктеуді, жалақыны есептеуді және жәрдемақы төлеуді қоса алғанда, бірқатар функцияларды біріктіреді және автоматтандырады»- деді Анар Жаилғанова.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто агенттік төрағасы Анар Жаилғановаға конструктивті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, семинар Қазақстанда жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқаруды реформалау бойынша ауқымды бастамалар шеңберінде өзекті болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекеттің дағдарыстық жағдайларға, әсіресе қазіргі уақытта COVID-19 пандемиясымен әрекет ету қабілеті, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелері мен елдің стратегиялық дамуы мемлекеттік қызмет деңгейіне және мемлекет көрсететін қызметтердің сапасына тікелей байланысты.

2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың сәуіріне дейін Дүниежүзілік банк мемлекеттік қызметшілерге Сovid-19 әсері туралы 8 ауқымды сауалнама жүргізді және Қазақстан сол сауалнама жүргізілген елдердің тізіміне енді»- деді ол.

Айта кету керек, Қазақстаннан басқа Бразилия, Гана, Чили, Колумбия, Марокко, Камбоджа елдерінде де сауалнама жүргізілді. Зерттеу қысқа мерзімде заманауи талдау әдістер мен технологияларды қолдану арқылы контекстке байланысты проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді.

COVID-19 кезеңіндегі диагностикалық зерттеулер – деректерді талдауға негізделген шешім қабылдауға қажетті құралдардың әлеуетін анықтайды. Сауалнамалар бастапқы деректерді алуға мүмкіндік берді, олар бойынша кейіннен саясат шаралары мен оның әсерін бағалауды жүргізуге, мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмыс істеуі бойынша іс-шараларды жоспарлауға, жұмыстың қазіргі заманғы және технологиялық әдістерін енгізуге, мониторингті жүзеге асыруға, мемлекеттік қызметшілерден кері байланыс алуға және тиісті шаралар қабылдауға болады.

Украинаның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ұлттық агенттігінің басшысы Наталья Алюшина қатысушыларға өз мемлекетінде іске асырылып жатқан персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін (HRMIS) таныстырды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мен сарапшылар сұрақ-жауап форматында еркін пікір алмасып, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.