ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты

Бүгін, 2021 жылғы 31 мамырда ҚР МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуының саяси-құқықтық және экономикалық мәселелері: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушысы- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ҚР Конституциялық Кеңесі, «Нұрсұлтан Назарбаев» Қоры, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры.

Конференция жұмысына белгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, болашақ заңгерлер мен құқық саласының мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында осы жоғары оқу орнының түлектері болып табылатын, тәуелсіздік жылдары мемлекеттіліктің қалыптасуы мен елдің құқықтық негіздерін нығайтуға елеулі үлес қосқан және әлі де қызмет етіп келе  жатқан  ҚР Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының» Атқарушы директорының орынбасары,  ҚР Конституциялық Кеңесі жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі Игорь Рогов сөз сөйледі.

«Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқы барлық салаларда – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, құқықтық және демократиялық мемлекетті қалыптастыру, әлеуметтік мемлекет құру жолында дұрыс қадм жасау, егемендікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту, мемлекет құрылымдарын дамыту сияқты орасан зор табыстарға қол жеткізді», - деп атап өтті Анар Жаилғанова.

Сондай-ақ Анар Жаилғанова Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Тәуелсіздік-басты құндылық, ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз  - гүлденген және қуатты Қазақстанды болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру» деген сөзін  қатысушылар алдында назарға салды.

Сонымен қатар, ведомство басшысы «Тәуелсіз Қазақстанмен бірге оның қалыптасу кезеңдерін бастан өткеріп жатқан баршамызға елдің егемендігін сақтау мен оны дамыту үшін зор жауапкершілік жүктелетінін» ерекше атап өтті.

Қазақ ұлттық университеті өзінің басты миссиясы ретінде ұлттық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды – кадрлық әлеуетті қалыптастыруды белгіледі.

Өзінің тарихында университет қазақстандық саяси, мәдени және бизнес-элита кадрларын шығарған  жоғары оқу орны және алдағы уақытта да талай кәсіби мамандарды даярлайтын білім ордасы болып қала бермек. 87 жыл ішінде университетті 200 мыңнан астам маман бітірген,  олардың көбі туған елдің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерің қатарында сондай-ақ, сапалы білім ордаларының бірі.

Сонымен қатар,  Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова өкінішке орай, өзі білім алған жылдардағы  университет оқытушыларының көбі ортамызда жоқ екенін,  бірақ олардың әрқайсысының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталып, оқытушылардың  берген спалы білімі ешқашан өзектілігін жоғалтпайтынын атап өтті.