ҚР МҚІА тексеру қорытындысы бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері жауапкершілікке тартылды

ҚР МҚІА тексеру қорытындысы бойынша қызмет берушілердің  130 қызметкері жауапкершілікке тартылды

Бақылау функциясы аясында ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттерімен 202 бақылау шаралары, оның ішінде 54 – бақылау объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 148 жоспардан тыс тексерулер - 148).

Тексерулер қорытындысы бойынша анықталған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама бұзушылықтарды, оларды жасау себептері мен жағдайларын жою бойынша 125 ұйғарым енгізілді, оның орындалғаны – 97, орындалу үстінде – 25.

Тексеріс нәтижелері бойынша қызмет берушілердің 130 қызметкері әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер - 76, орталық мемлекеттік органдар - 54).

Олардың 25 % астамы қызмет берушілердің басшылығына тиесілі екендігін атап өту қажет.