Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы  Анар Жаилғанованың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті достар!

Сіздерді табиғаттың оянуын, жаңаруы мен гүлденуін бейнелейтін Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз- көктем мерекесі, жаңа өмірдің басталуы. Бұл күндері ежелгі уақытта қоғамдағы сан түрлі келіспеушіліктер, даулар, түйіткілді мәселелер шешімін тауып, адамдар арасындағы өкпе-реніштер кешірілген.

Бүгінде Наурыз айрықша маңызға ие. Наурыз мейрамы Қазақстанда тұратын барлық этностарды ұлты мен дініне қарамастан бірлікке жетелейтін қастерлі мерекеге айналды.

Наурыз адамдардың бейбіт өмірге, жақсылық пен келісімге деген ұмтылысын оятады.

Мемлекетіміздің жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында елімізде бейбітшілік, өзара түсіністік және келісім сияқты құндылықтар салтанат құруда.

Саяси тұрақтылық жағдайында біз экономикамызды алға жетелеуге, мемлекеттік қызметті жетілдіруге, мемлекетіміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға және еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыруға өз үлесімізді қоса аламыз.

Осы мереке күні сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Көктем сіздерді өзінің жылуымен қуантсын, ал Наурыз әрбір адамға ойдағы жоспарларын табысты іске асыруға сенім мен үміт сыйласын.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!

https://www.facebook.com/a.zhayilganova/posts/4404524682968001