Анар Жаилғанова Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті

Анар Жаилғанова Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті

Бүгін 2021жылғы 15 ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова  ҚР Президентінің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабартимен кездесті.  

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова мен Президенттің кеңесшісі  Сума Чакрабарти кездесу барысында ағымдағы жылдың қаңтар айында Реформалар жөніндегі кеңес отырысы барысында Мемлекет басшысына таныстырылған  Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бағытындағы Агенттік әзірлеген тәсілдерді талқылады.

Агенттік төрағасы Анар Жаилғанова ведомствоның мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыруға, меритократия принциптерін нығайтуға, саяси мемлекеттік қызметті кәсібилендіруді күшейтуге, мемлекеттік қызметте таланттарды басқару және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту жүйесін жетілдіруге мүдделі екенін айтты.

Сондай-ақ, Агенттік төрағасы кездесу барысында мемлекеттік қызмет бірінші кезекте халықтың талап-тілегіне бағытталуы керек екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз - стратегиялық-инновациялық мемлекеттік қызмет жүйесіне көшуді жүзеге асыру. Аталған модель: ашықтық, өзара іс-қимыл, нәтижеге және азаматтарға бағдарлану; тиімді жоспарлау және  қамтамасыз ету, өзгерістерді басқара алатын трансформациялық көшбасшыларды тарту»- деді Анар Жаилғанова.

Бұдан бөлек, кездесу барысында Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартиға Агенттік әзірлеген  кадрлық процестерге арналған «iQyzmet»  платформасының мүмкіндіктері, мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.  

БҰҰ рейтингісіне сәйкес (UN Global E-GovernmentDevelopmentIndex) 2020 жылы "электрондық үкіметтің" даму көрсеткіштері 10 позицияға жақсартылды және Қазақстан 193 елдің арасында рейтингте 29-орынға тұрақтанған.

Кездесу қорытындысы бойынша С.Чакрабарти агенттік ұсынған тәсілдер жалпы оның осы саланы дамыту көзқарасына сәйкес келетінін атап өтіп, жақын арада ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауға ниет білдірді.