GOVHR FORUM 2.0
ЦИФРЛАНДЫРУ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ
АДАМ. ӘЛЕУЕТ.
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Құрметті форумға қатысушылар,
Құрметті қонақтар және әріптестер!
GovHR Forum 2026 - мемлекеттік қызметтің болашағы, адами капиталды дамыту және жасанды интеллект дәуіріндегі мемлекеттік басқаруды трансформациялау мәселелерін талқылау үшін - әлемнің 20 елінен 50-ден астам мамандарды, мемлекеттік органдардың басшыларын, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, академиялық қауымдастық пен сарапшыларды біріктірді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Future of Jobs Report 2025 деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай қазіргі жұмыс орындарының 8%-ы немесе шамамен 92 миллионы трансформацияға ұшырайды, ал бүгінгі кәсіби дағдылардың шамамен 39 пайызы өзектілігін жоғалтады.
Мұндай жағдайда мемлекеттік сектордың басты міндеті – технологиялық өзгерістерге бейімделе алатын, үздіксіз білім алуға дайын және қоғам үшін құндылық қалыптастыратын кәсіби мемлекеттік аппарат құру.
Форум қатысушылары мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қағидаты ретінде «Адам – бірінші орында, технология – екінші орында» (People First, Technology Second) қағидатын қолдай отырып, келесі ұсынымдарды қабылдады.
I СЕССИЯ. АДАМ – ЖҮЙЕНІҢ ӨЗЕГІ
- Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқаруда стратегиялық таланттарды басқару моделіне кезең-кезеңімен көшу;
- Құзыреттерге негізделген мансаптық даму (Competency-Based Growth) жүйесі, іріктеу, оқыту және жоғарылату шешімдері нақты құзыреттер мен нәтижелерге негізделуі тиіс;
- Жасанды интеллект дәуірінде көшбасшылықтың жаңа моделін қалыптастыру: өзгерістерді басқару, цифрлық сауаттылық, деректерге негізделген шешім қабылдау және стратегиялық ойлау;
- Адам ресурстарын бағалау кезінде кәсіби біліммен қатар ашықтық, жауапкершілік, бейімделгіштік, эмоционалдық тұрақтылық және адалдық сияқты мінез-құлықтық құзыреттерді бағалау құралдарын кеңінен пайдалану;
- Жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті құзыреттер қатарына енгізу.
II СЕССИЯ. ӘЛЕУЕТ - ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
- Заманауи мемлекеттік басқарудың негізі ретінде цифрлық сәйкестендіру, киберқауіпсіздік, ашық деректер, бұлттық инфрақұрылым және интеграцияланған мемлекеттік платформаларды дамыту;
- Мемлекеттік секторда деректерге негізделген басқару мәдениетін қалыптастыру және hr аналитика құралдарын кеңінен енгізу (HR analytics and Workforce Intelligence);
- Кадрлық деректерді жасанды интеллект қолдануға дайын форматқа көшіру және кадрлық шешімдерді қабылдау кезінде болжамды форсайт аналитиканы пайдалану;
- Қызметтердің, лауазымдардың және құзыреттердің цифрлық онтологияларын қалыптастыру арқылы болашақ дағдыларға деген қажеттілікті алдын ала болжау;
- Мемлекеттік қызмет ұйымдарының эй ай реди говермент AI-ready Government қағидаттарына сәйкес институционалдық дайындығын жүйелі түрде бағалау.
III СЕССИЯ. АДАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
- Адалдықты жекелеген талап емес, мемлекеттік басқарудың ұйымдық мәдениеті және стратегиялық құндылығы ретінде қарастыру;
- Integrity by Design қағидатын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мемлекеттік саясат пен процестерді жобалау кезеңінен бастап азайту;
- Нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді және тәуекелдерді бағалауды күшейту;
- Әдеп жөніндегі кеңес беру жүйелерін, мүдделер қақтығысын басқару тетіктерін және хабарлаушыларды қорғау механизмдерін дамыту;
- GRECO, OECD және БҰҰ халықаралық стандарттарын ұлттық басқару жүйелеріне енгізуді жалғастыру;
- Жасанды интеллектті тәуекелдерді талдау, аномалияларды анықтау және мониторинг жүргізу мақсатында пайдалану, алайда барлық ШЕШІМДЕРДЕ АДАМ БАҚЫЛАУЫН (Human-in-the-Loop) сақтау.
IV СЕССИЯ. ҚОҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ,
СЕНІМ ЖӘНЕ САПА
- Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін процедуралар бойынша емес, қоғам үшін нақты нәтижелер мен әсері арқылы бағалау;
- Мемлекеттік қызметтердің сапасын азаматтардың қанағаттануы, қолжетімділігі және әділдігі көрсеткіштері арқылы өлшеу;
- ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ мемлекеттік басқарудың негізгі стратегиялық капиталы ретінде тану;
- Азаматтардың кері байланысын қызметтерді жобалау мен жетілдірудің барлық кезеңдеріне енгізу;
- Адам құқықтарын, инклюзивтілікті және алгоритмдік әділеттілікті сақтай отырып, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту;
- Мемлекеттік қызметтің миссиясын қоғамдық құндылық қалыптастыру және азаматтардың әл-ауқатын арттырумен тікелей байланыстыру.
Бүгін, Форум қатысушылары мемлекеттік қызметтің орнықты трансформациясы 4 өзара байланысты элементке негізделетінін растады, ол:
АДАМ – ЖҮЙЕ – ТЕХНОЛОГИЯ – СЕНІМ.
Осы төрт элемент сапалы қызмет пен болашаққа икемді әлеует қалыптастырудың жолы.
Бүгінгі форумға қатысушылар осы жолда халықаралық әріптестікті жалғастыруға, үздік тәжірибелермен алмасуға және мемлекеттік басқарудағы адами капиталды дамыту және жауапты жасанды интеллект бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Форум аяқталса да, осы бағыттағы әріптестік жалғасатын болады.
Баршаңызға бүгінгі форумның сәтті өтуіне атсалысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!
Келесі форумда жүздескенше!
Назарларыңызға рақмет!