
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді Халықаралық Мемлекеттік қызметші күні мерекесімен құттықтаймын!
Еліміздің өркендеуі, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі және халықтың мемлекетке деген сенімі сіздердің ынталы және адал еңбектеріңізге тікелей байланысты.
Ел сенімін арқалап, қоғамның бүгіні мен жарқын болашағы жолындағы атқаратын еңбектеріңіз қашанда ерекше маңызға ие.
Адалдық, Заң мен Тәртіп, Әділдік, Ашықтық қағидатын ұстану, ел мүддесіне қызмет ету – ортақ міндетіміз.
Жақын күндері күшіне енетін Халықтық Конституциядағы белгіленген құндылықтарды қоғамдық санада ілгерілетуде мемлекеттік қызметшілердің рөлі ерекше.
Мемлекеттік қызметшінің азаматтық парызы – Отанға риясыз қызмет ету.
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге жемісті нәтиже тілеймін!
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай