Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Қуанышкереев Алматхан Алдирзаұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Алматхан 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне «Цифрландыру» бағыты бойынша қабылданған.

1994 жылғы 27 маусымда Алматы қаласында туған.

Білімі:

Ұлыбританиядағы Саутгемптон университетінің бағдарламалық инженерия (Software Engineering) мамандығы бойынша бакалавры. Ұлыбританиядағы Лондон университеттік колледжінің (UCL) жаңа цифрлық технологиялар саласы бойынша ғылым магистрі.

Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2016 жылы KPMG компаниясында басқарушылық консалтинг бөлімінің кеңесшісі ретінде бастаған. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларында түрлі қызметтер атқарған.

2021–2026 жылдары жеке секторда жұмыс істеп, негізінен интернет-жарнама саласындағы ақпараттық қауіпсіздік пен деректер құпиялылығын қамтамасыз ету және әзірлеу бағыттарымен айналысқан.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі.