Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы

2026 жылғы 2 наурызда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының орынбасары Мүксімов С.С. және Әділет вице-министрі Ваисов Д.М. Сот сараптамалары орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізудің басталуын талқылады.

Талдау Әділет министрлігінің бастамасымен арнайы әзірленген әдістеме негізінде жүргізіледі.

Жұмысты сапалы жүргізу мақсатында сараптамалық қызметтің ерекшеліктерін ескеретін Сот сараптамалары орталығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізудің арнайы әдістемесі әзірленді.

Кездесу барысында Агенттік төрағасының орынбасары деректерді ұсынудағы адалдық пен ашықтық тәуекелдерді сапалы түрде азайтудың міндетті шарты екенін атап өтті.

Сот сараптамасы – «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мен әділ сот төрелігінің негізі болып табылады, себебі ол азаматтардың конституциялық құқықтарына тікелей әсер етеді.

Сараптамалық қызметте және кадрларды аттестаттау кезінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын факторларды уақтылы мониторингтеу және жою зерттеулер сапасын арттыруға және құқықтық жүйеге деген халық сенімін нығайтуға бағытталған.

Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында жұмыс тобы Орталықтың орталық аппараты мен филиалдарының қызметінің нормативтік қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық-басқарушылық үдерістер бөлігінде талдайды. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге және сараптамалық қорытындыларды рецензиялауға ерекше назар аударылады.

Талдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Агенттік адвокаттарды, заң консультанттарын, тәуелсіз сарапшыларды және басқа да тұлғаларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарын m.beisenova@kyzmet.gov.kz электрондық поштаға жолдауға шақырады.