Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ержан Әбдалыұлы Халбаев 2026 жылғы 2 наурыздан бастап Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

1990 жылғы 26 маусымда Түркістан облысында дүниеге келген Ержан Халбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (Астана қ.) «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен, Манчестер университетін (Ұлыбритания) қаржыландыруды дамыту саласы бойынша ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Сондай-ақ, ол «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.

Ержан Әбдалыұлы Еңбек жолын 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінде, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2022–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында басшылық қызметтерді атқарған.

2025 жылғы наурыз айынан бастап «ICert» халықаралық сертификаттау орталығының бас директоры қызметінде болды.