Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін egov.kz бұрышы ашылды

Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін egov.kz бұрышы ашылды

Алматы қаласының «Галерея» сауда-ойын-сауық кешенінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды.

Енді Атакент ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады.

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және ХҚКО ғимараттарында азаматтардың жиналуын барынша азайту үшін Енді «Галерея» CОО-да өзіне - өзі қызмет көрсетуге арналған екі бұрыш жұмыс істейтін болады: 1-қабат - мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, 2-қабат-Алматы қаласының барлық тұрғындары үшін. Жалпы саны-8 орын.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесіп ашылды.

Іс-шараға ҚР МҚІА Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Н.Өзбеханов, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Д.Қырықбаев, «Подранки-Шарасыздар» ҚБ төрайымы Г. Тобатаева, «Кең пейіл» ҚБ төрағасы А. Мегай, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың басқа да мүшелері мен фронт-офистердің басшылары қатысты.

Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында компьютерге немесе интернетке қолжетімділігі жоқ азаматтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады.

Бұдан басқа, аталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында азаматтарға түсіндірмелермен көмектесе алатын ХҚКО мамандары бекітілген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін 600-ге жуық, Алматы қаласы бойынша 15 өзіне-өзі қызмет көрсету egov бұрышы жұмыс істейді.