
2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ануарбекова Алмагүл Бауыржанқызы Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық қызметінің бас инспекторы лауазымына тағайындалды.
2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Ануарбекова Алмагүл Бауыржанқызы 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша қабылданғанын еске сала кетейік.
Алмагүл Бауыржанқызы 1996 жылғы 30 желтоқсанда Жезқазған қаласында туған.
Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетін «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша, сондай-ақ академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Химия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Жезқазған қаласындағы №24 мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2020 жылдан бастап – Жезқазған қаласындағы №24 мектептің жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Кейіннен Жезқазған қаласындағы №24 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Өңірлік олимпиадалардың сараптамалық топтары мен комиссияларының тұрақты мүшесі, экологиялық бағыттың ғылыми жетекшісі.
Экологиялық жобалар бойынша республикалық ғылыми конкурстардың жеңімпазы.
NXplorers халықаралық білім беру бағдарламасы мен CLIL технологиялары бойынша сертификатталған тренер.
2026 жылғы 26 қаңтардан бастап Ұлытау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық қызметінің бас инспекторы лауазымына тағайындалды.