Мемлекеттік қызмет мәдениеті

Мемлекеттік қызмет мәдениеті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаментінің директоры Нұрсұлтан Бекінов «24KZ» телеарнасының «Prime Time» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында ол Мемлекеттік қызметті дамытудың тұжырымдамасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін жетілдіру мен саланы цифрландыруға бағытталған жүйелі жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай тиімді кадрлық саясат қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мәселелері де сөз болды.