Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды

Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері және Агенттіктің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен жиын өтті.

Іс-шара барысында әдеп уәкілдерінің 2025 жылғы атқарған жұмыстары қорытындыланып, 2026 жылға арналған басым бағыттар айқындалды. Сондай-ақ, қызметтік әдепті сақтау, профилактикалық жұмыстарды күшейту және бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Агенттік басшылығы әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын одан әрі жандандыруды, оның ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланатын материалдарға жүйелі мониторинг жүргізу мен мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды.

Қорытындылай келе, жиын соңында әдеп жөніндегі уәкілдерге профилактикалық жұмысты күшейту, қызметтік әдеп талаптарының сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу, тәуекелдерді алдын ала анықтау және бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуге басымдық беру тапсырылды.

Анықтама:

Әдеп жөніндегі уәкілдер институты Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген. Осы уақыт аралығында мемлекеттік қызметте әдеп талаптарын сақтау бағыты бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылды. Нәтижесінде әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер саны 2016 жылғы 758 адамнан 2024 жылдың қорытындысы бойынша 222 адамға дейін төмендеді.