2020 жылғы 21.10 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған мәселелердің қорытындысы

2020 жылғы 21.10 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған мәселелердің қорытындысы

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Әдеп жөніндегі кеңестің онлайн отырысы өтті, оған 3 профилактикалық сұрақ шығарылды.

Айыртау ауданы әкімінің қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар мен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы ақпараты тыңдалды.

Отырыста меритократия қағидасын сақтау және "E-qyzmet" жүйесіндегі мемлекеттік қызметшілер жұмысының 99,9% қамтамасыз ету бойынша ауданның лауазымды тұлғаларының атқарған жұмыстары оң жағынан атап өтілді.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелерімен ағымдағы жылы орын алған жағымсыз фактілер де айтылды. Құқықтық статистиканы арнайы есепке алу мен ауданның мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарының мониторингі нәтижелері бойынша Әдеп кодексінің нормаларын сақтамау фактілері анықталды. Осындай бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында алдағы уақытта аудан әкіміне тиісті ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және мемлекеттік қызметті электрондық форматта алу мүмкіндігін арттыруға бағытталған тапсырмалар айтылды.

Сонымен бірге, Кеңес мүшелеріне Уәлиханов ауданының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдепті сақтауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлады.

Кеңес төрағасы ауданның Әдеп жөніндегі уәкіліне сауалнама нәтижелері бойынша анықталған мемлекеттік қызметкерлердің артық жұмыс істеу және демалыс, мереке күндері жұмысқа мәжбүрлеп шығару, сондай-ақ мемлекеттік органдар басшыларының бағынысты қызметкерлерге жеке істерін бұйыру фактілеріне тоқталды.

Бұдан бөлек, Е.Степаненко Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметшілермен жеткіліксіз танылуына назар аударды. Қоңырау шалу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың жартысына жуығы мемлекеттік қызметкерлері өз ауданында уәкілетті кім деген сұраққа жауап бермеді. Жұмыстағы барлық кемшіліктерді ескере отырып, кеңес мүшелері ауданның Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар әзірледі.

Үшінші мәселе бойынша, Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. облыстың жергілікті атқарушы органдарының тәлімгерлікті ұйымдастыру және сынақ мерзімін белгілеу жөніндегі жұмысын талдау қорытындылары туралы ақпараты тыңдалды.

Өз сөзінде баяндамашы сынақ мерзімін белгілеу мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларға тәлімгерлерді бекіту жас мемлекеттік қызметшінің қалыптасуы мен оның мемлекеттік қызметке бейімделуінің басты факторы болып табылатынын атап өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айында облыстың жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарында "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген 84 қызметші үшін сынақ мерзімі белгіленді.

Қарау қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет басқармасына облыстың жергілікті атқарушы органдарында сынақ мерзімінен өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер арасында сауалнама жүргізу ұсынылды.