Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай «24KZ»телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берді

Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай «24KZ»телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «24KZ» телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбатта мемлекеттік қызмет саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар мен негізгі жаңашылдықтар айтылды.

Дархан Жазықбай мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң жобасының негізгі тетіктері, мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі шараларға тоқталды.

Сондай-ақ HR процестерді цифрландыру арқылы кадрлық басқаруды жаңғырту жұмыстары мен мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою мәселелері сөз болды.