
Бүгін Агенттікте ведомство жанындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін іріктеу мәселелеріне арналған отырыс өткізілді.
Отырысты жүргізген Агенттік Төрағасының орынбасары Ахмедьяр Әлібек Ғазизұлы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң талабына сәйкес өткізілген Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелігіне өз кандидатураларын ұсынған үміткерлермен танысып, оларға күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін жеткізді.
Іс-шара нәтижесі бойынша Жұмыс тобына кандидаттарды ашық дауыс беру арқылы іріктеу, Жұмыс тобының басшысын сайлау, Қоғамдық кеңестің сандық құрамын айқындау және жаңа құрамына конкурс өткізу мерзімін белгілеу бойынша шешімдер қабылданды.
Отырыс қорытындысы бойынша Агенттік Төрағасының орынбасары Заңнамада белгіленген мерзімде отырыс хаттамасын дайындап, оны Агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастыруды тапсырды.