Е-қызмет – мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі

Е-қызмет – мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары Айнұра Серғазиева «24KZ» телеарнасының «Prime time» бағдарламасында персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі – Е-қызмет туралы сұхбат берді.

Сұхбат барысында ол мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесінің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, Агенттік тарапынан осы бағытта жүзеге асырылып жатқан маңызды жұмыстар жайында баяндады.

Сонымен қатар, Айнұра Серғазиева аталған іріктеу жүйесіне қатысты сараптамалық материалдың Халықаралық OPSI платформасында жарияланғанын атап өтті. Бұл Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру саласындағы жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып отырғанының айқын дәлелі.