Жамбыл облысында ПЖКР мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

Жамбыл облысында ПЖКР мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

Жаңа буын басқарушыларының өкілі, аграрлық секторды дамыту және салалық бағыттарды жетілдіру үдерістеріне белсенді қатысып жүрген, 2025 жылғы Президенттік жастар кадрлық резерв мүшесі Әбдірәсіл Серікұлы Желеубаев ағымдағы жылдың 11 желтоқсанынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, 2025 жылы ол «Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданып, жоғары кәсіби әлеуеті мен көшбасшылық қасиеттерін дәлелдеді.

Әбдірәсіл Серікұлы 1993 жылғы 13 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежелерімен, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін экономика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады.

2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының Егіншілік бөлімінің бас маманы ретінде еңбек жолын бастаған.

2021 жылдан бастап – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы Су шаруашылығы бөлімі, Егіс және су шаруашылығы бөлімдерінің басшысы.

2023 жылдан – Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаментінің Мелиорация басқармасының бас сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы Өсімдік шаруашылығы, мемлекеттік тұқым, астық және техникалық инспекция бөлімінің басшысы, сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап – Жамбыл облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып қызмет атқаруда.