Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг өтті

 

Жуырда мемлекеттік қызметшілер мен комплаенс-офицерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренинг өтті.

Іс-шара Қазақстандағы Азия даму банкінің өкілдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің үйлестіруімен ұйымдастырылды.

Тренингке орталық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысты.

Сонымен қатар орталық және өңірлік деңгейдегі екі жүзден астам мемлекеттік қызметші мен комплаенс-офицер онлайн форматта оқытудан өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу бағдарламасы адалдық мәселелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы практикалық кейстерді қамтыды.

Шараға қатысушылар бағдарламаның теориялық және практикалық қырларын оң бағалады.

Агенттік сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қызметшілер мен комплаенс-офицерлердің құзыреттерін күшейту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыра беретін болады.