Алқа отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту мәселесі талқыланды

Алқа отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты күшейту мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қызмет қорытындыларына арналған алқа отырысына қатысты.

Іс-шара барысында Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығына Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Агенттік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық картограммаларын әзірлеу, шығыс пен кірістің сәйкестігін тексеруге бағытталған тәуекелге бағдарланған бақылау жүйесін енгізу, Еуропа Кеңесі мен ЭЫДҰ конвенцияларына қосылуға қатысты заң жобаларын Мәжіліске енгізу мәселелері талқыланды.

Іс-шараны қорытындылай келе, Агенттік өкілі мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.