Ауыл шаруашылығы министрлігінде резерв мүшесі директор болды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде резерв мүшесі директор болды

2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Аймұрзаев Бағлан Мұхтарұлы 3 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлегі, бакалавр және экономика магистрі.

Еңбек жолы ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі талдамалық және басқарушылық қызметтерден басталып, біртіндеп жетекшілік деңгейге көтерілді:

2017 жылы «Жасыл аймақ» РМК-де бухгалтер, кейін ҚР АШМ-нің стратегиялық жоспарлау бағыты бойынша сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бастап Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары қызметін атқарып келген.