Президенттік жастар кадр резервінің тағы бір мүшесі қызметке тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервінің тағы бір мүшесі қызметке тағайындалды

2025 жылғы ПЖКР мүшесі Мадина Қадыржанқызы Өмірзақова 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Цифрландыруды дамыту бөлімінің инспекторы лауазымына тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Мадина Өмірзақова «Цифрландыру» бағыты бойынша 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне өткен болатын.
Ол 2013 жылы KIMEP университеті, «Қаржы және аудит» мамандығы;
Назарбаев Университеті (Іскерлік әкімшілендіру магистрі);
2012 жылы Сеул ұлттық университеті (Корея Республикасы);
2019 жылы Назарбаев университетінің магистратура бағдарламасы аясында DUKE университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) білім алды.
2021 жылы «Операциялық менеджмент» бағыты бойынша Назарбаев Университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесін иеленді.
Кәсіби қызметін 2013 жылы Ernst&Young және PricewaterhouseCoopers халықаралық компанияларында бастады.
2021 жылдан бастап денсаулық сақтау саласына арналған жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу мен енгізуге маманданған «Cerebra.ai Ltd.» компаниясында жұмыс істеді.
Оның жетекшілігімен Қазақстанның клиникалық мекемелеріне ми инсультін диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету – жасанды интеллект өнімін интеграциялау бойынша жобалар табысты жүзеге асты.