
e-Qyzmet-ті Еуропалық ұйым жоғары бағалады
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаментінің директоры Бекінов Нұрсұлтан Берікұлы «24KZ» телеарнасы тікелей эфирінде егжей-тегжейлі айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялаған болатын. Бұл Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып жатқандығының көрсеткіші саналады.