Бүгін Парижде (Франция) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбай мен Француз Ұлттық мемлекеттік қызмет институты (INSP) директоры Маривон Ле Бринонен мемлекеттік қызмет, басқарушылық кадрларды даярлау және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ниет декларациясына қол қойды.
Декларация ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Француз Ұлттық мемлекеттік қызмет институтының мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің құзыреттерін арттыру және мемлекеттік саясат саласында заманауи тәсілдерді енгізуді, әріптестік пен тәжірибе алмасуды көздейді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына:
Дархан Жазықбай Декларацияның әріптестікті нығайтудағы маңызын атап өтіп, «Қазақстан Президентінің ұстанымы – адамға бағдарланған және сервистік мемлекеттік қызметті қалыптастыру.
Осы бағытта біз халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде француз әріптестерімізбен диалогты кеңейтіп келеміз. Біздің мақсатымыз – нақты нәтижесін беретін әрі мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға көмектесетін шешімдер енгізу», – деді.
Қол қойылған құжат мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайта отырып, білім, әдіснама және үздік тәжірибе алмасудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтілуде.
Анықтама үшін:
Француз Ұлттық мемлекеттік қызмет институты (INSP) – бұған дейін ENA (Ұлттық әкімшілік мектебі) ретінде белгілі болған, Францияның жоғары деңгейдегі менеджерлері мен мемлекеттік қызметшілерін даярлау және олардың кәсіби дамуын қамтамасыз ететін жетекші оқыту әрі ғылыми-зерттеу мекемесі.