
Бүгін Париж қаласында (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Жұмыс тобының үшінші отырысы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі директоры Эльза Пиличовскимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанда мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен есептілігін нығайту, парасаттылық мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру бағытында кешенді шараларды жүзеге асырып жатқаны айтылды.
Агенттік Төрағасы Қазақстандағы мемлекеттік басқару реформалары Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарына сүйенетінін атап өтті.
Сонымен қатар Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбай Ұлыбритания Үкіметінің Кабинет кеңсесіндегі парасаттылық және әдеп жөніндегі
директоры, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі PIAC жұмыс тобының төрағасы
Саймон Мэдденмен (Simon Madden) кездесті.
Тараптар серіктестіктің алдағы жоспарларын, атап айтқанда Қазақстанның ЭЫДҰ Кеңесінің Қоғамдық парасаттылық және тәжірибе алмасуды кеңейту жөніндегі ұсынымы айналасында бірқатар мәселелер талқылады.