Ветеранов государственной службы наградили в АДГС

Ветеранов государственной службы наградили в АДГС

Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы Дархан Жазықбай бірқатар мемлекеттік қызмет ардагерлерін «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапаттады.

Бұл төсбелгі мемлекеттік қызметте кемінде 25 жыл мінсіз еңбек еткен немесе зейнеткерлік жасқа толған қызметшілерге беріледі.

Марапатталғандардың қатарында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагерлер бар.

Мемлекеттік қызметші – елдің тірегі. Бұл төсбелгі – мемлекет пен қоғам алдындағы адал қызметтің символы. Әрбір марапат иесінің еңбегі жас буынға үлгі.

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі мемлекеттік қызметтің абыройын арттыруға, кәсіби адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.