Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері қаланы көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Акция Рақымжан Қошқарбаев даңғылы мен Өзбекәлі Жәнібек көшесінің қиылысында өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызды.
Бастаманың мақсаты – елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу, экологиялық мәдениетті арттыру және мемлекеттік қызметшілер арасында азаматтық жауапкершілікті дамыту болып табылады.
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етіп, жүйелі түрде жалғасын табатын болады.