Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «А» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне мотивациялық дәріс өткізді.
Дәріс Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Әділетті Қазақстан, Адал азамат, Заң мен Тәртіп қағидаттарын орнықтыруда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талаптар мен ұстанымдар жайлы болды.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметшілер үшін әділдік, антқа адалдық, мемлекетшіл болу, кәсібилік пен жауапкершілік, отансүйгіштік, әдеп қағидаттарын берік ұстану, Адал азамат қағидаттарына сай болудың маңыздылығына тоқталды.
Дәрісте мемлекеттік басқарудың әлемдік теориялары және олардың бізде қолданылатын тиімді тұстары, көшбасшылық қасиеттің қалыптасуындағы эмоционалды интеллектінің рөлі туралы да айтылды.
Дәріске қатысушылар мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптары, қызметшілерді қайта даярлауға қатысты сұрақтарын қойып, өздерін қызықтырған мәселелерге байланысты ойларын ортаға салды.
Дәріс еркін, ашық форматта өтті.