Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің «Құзыреттер бойынша сұхбат» екінші блогынан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды.
Құзыреттер бойынша сұхбат а.ж. 23-28 қыркүйек аралығында онлайн-режимде кәсіби HR-сарапшыларды тарта отырып, жеке тереңдетілген сұхбат форматында өтті. Құзыреттер бойынша сұхбатқа 200 кандидат қатысты.
Бекітілген іріктеу рәсіміне сәйкес, «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңіне ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген 150 кандидатөтті:
Келесі кезеңге өткен тұлғалардың толық тізімі жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
«Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңі2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Астана қаласы, Абай даңғылы 33а мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алаңында оффлайн-форматта өтеді. Кезеңге тіркелу рәсімі 2025 жылғы
3 қазанда 23 сағат 59 минутқа дейін ашық болады.
Әңгімелесу бекітілген кестеге сәйкес өтеді:
Осы кезеңнен өту үшін кандидаттар Агенттікке белгіленген уақыттан кемінде 30 минут бұрын келіп, өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Кандидаттарға ресми іскерлік киім стилін ұстануға кеңес беріледі.
Әңгімелесу презентация форматында өтеді. Кандидаттарға таңдаған салалық бағыт бойынша өзекті мәселені сипаттап, шешу жолдарын ұсынып, күтілетін нәтижелерді ұсыну қажет. Жобаның презентациясына 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, содан кейін кандидаттарға сұрақтар қойылады.
Барлық кандидаттарға Word форматында қысқаша түсіндірмесі бар
PDF форматындағы презентацияны 2025 жылғы 5 қазаннан кешіктірмей info@pkrezerv.gov.kzэлектрондық поштасына жіберу қажет екендігіне
назар аударамыз. Хаттың тақырыбында кандидаттың аты-жөні мен салалық бағыты көрсетілуі керек.
Презентация келесі талаптарға сай болуы тиіс:
«Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңінеөткен кандидаттар үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы оқытушыларымен дайындық кездесу ұйымдастырылатын болады. Ол туралы толық ақпарат кандидаттардың жеке кабинеттеріне жоладанады.
Сұхбат кезінде кандидаттарға кез келген қабылдаушы/беруші электронды құрылғыларды, соның ішінде ұялы телефондар, құлаққаптар және басқа электрондық жабдықтарды бірге алып жүруге тыйым салынады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сарапшылық комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған кандидаттардың тізімін қалыптастыратын болады.