Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жарияланады

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жарияланады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

Агенттікке қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасы бөлігіндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

 

Осыған байланысты, Агенттікке берілген лауазымдар бойынша вакансияларды толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Келесі лауазымдарға құжаттарды қабылдау:

- сарапшылар –15.09.2025 ж.;

- бас сарапшылар –17.09.2025 ж.;

- бас консультанттар –19.09.2025 ж.;

- Агенттіктің облыстардағы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы аумақтық департаменттерінің бас мамандары – 22.09.2025 ж. басталады.

 

Құжаттарды қабылдау конкурс жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылады.

Толық ақпаратпен EQyzmet (https://eqyzmet.gov.kz) ашық порталында, сондай-ақ (8 7172) 75-34-71 телефоны арқылы білуге болады.

Іріктеуге қатысу үшін EQyzmet порталында тіркеліп, жеке деректерді толтырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған онлайн-тестілеуден, жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңдерінен өту қажет.

Ең жоғары ұпай жинаған кандидаттар әңгімелесу кезеңіне жіберіледі. Барлық іріктеу кезеңдері онлайн форматта өткізіледі.

Бұл мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтуға өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, конкурстық іріктеуге қатысуға шақырамыз.