Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби-танымдық іс-шара өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндеқазақтың ұлы ойшылы, ақын және ағартушыАбай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы – әділетті қоғам!» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлыныңрухани мұрасын кеңінен насихаттау, оныңшығармашылығы арқылы әділдік пен адалдықты, ұлттық болмыс пен тарихиқұндылықтарды дәріптеу.

Агенттік басшылығы мен қызметшілері шара барысында Абай қалдырған асыл мұра – тек әдеби мұра емес, ол – өмірлік бағыт, ұрпаққа үлгі, ел басқару ісінде темірқазық бола алатын рухани негіз екеніне тоқталып, ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.

Сондай-ақ, әдеби-танымдық шарада Абайдыңәндері шырқалып, рухани мазмұнды кештің маңыздылығы айшықтала түсті.

Абай мұрасына тағзымбұл өткенді дәріптеуғана емес, бүгінге бағдар жасап, болашаққасеніммен қадам басу. Абайдың өсиеті мен өнегесібүгінгі мемлекеттік қызметшінің адамижәне кәсіби бейнесін қалыптастырудамаңызды рухани бағдар болып қала бермек.