Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында тестілеудің келесі блогы – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жіберілген үміткерлер тізімі жарияланды.
2-3 тамызда өткен «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне 4 876 үміткер тестілеуге қатысты.
Келесі кезеңге өткен тұлғалардың толық тізімі pkrezerv.gov.kz ресми сайтында қолжетімді.
Іріктеу тәртібіне сәйкес келесі тестілеу – «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» қатысушылардың жалпы санының 50% жіберіледі. Бірнеше үміткердің нәтижесі бірдей болған жағдайда келесі тестілеу блогына көбірек қатысушылар саны жіберілуі мүмкін.
Осылайша, тестілеудің екінші блогы «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» ең жақсы нәтиже көрсеткен 2677 үміткер жіберілді.
Салалық бағыттар бойынша өту балы:
Тестілеудің екінші блогы ағымдағы жылғы 9 тамызда өткізіледі. Бұл кезеңде үміткер кестелер, графикалар және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұратын тестілеуден өтеді.
«Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне жіберілген үміткерлер 8 тамыз сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тест тапсыру уақытын таңдауы қажет.
Тестілеу рәсімінің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз ету мақсатында прокторинг жүйесі қолданылатынын еске саламыз. Белгіленген талаптарды сақтамау, оның ішінде бөгде адамдардың көмегін пайдалану, қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды (AnyDesk, TeamViewer, DWService және т.б.) қолдану, камераны және/немесе микрофонды өшіру, смартфондарды, құлаққаптарды және өзге де электрондық ақпарат тасымалдаушы құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ тест тапсырмаларын кез келген тәсілмен көшіру, тестілеу нәтижелерін жою үшін негіз болып табылады.
Үміткерлер жеке кабинетте орналастырылған «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне арналған нұсқаулықтың талаптарымен толығырақ таныса алады.