2025 жылғы 5 тамызда Агенттіктің Әдеп жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Комиссияда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеу жеңімпазын белгіленген мерзімде тағайындау тәртібінің бұзылу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасына қатысты тәртіптік іс қаралды.
Әдеп жөніндегі комиссиямен тағайындау тәртібінің бұзылуы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық деп танылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі комиссия лауазымды тұлғаға тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.
Агенттік заңдылық пен азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігі қағидаттарын сақтау мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы басымдық болып табылатынын атап өтеді.
Мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде заңнаманың сақталу мәселелері уәкілетті органның тұрақты бақылауында болады.