Құрметті Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушылар!
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға арналған вербалды тестілеудің бейненұсқаулығын назарларыңызға ұсынамыз.
Тестілеу онлайн-форматта, прокторинг жүйесімен өтеді және аудио-бейнежазба арқылы бақыланады. Тестілеу барысында жұмыс орнынан кетуге, сөйлесуге, ақпарат таратушы және қабылдаушы құрылғыларды қолдануға қатаң тыйым салынады.
Тестілеуден өту үшін:
- Таңдалған уақытта жеке кабинетке кіріңіз;
- Прокторинг жүйесіне арналған кеңейтімді жүктеңіз;
- «Іріктеу кезеңдері және нәтижелері» бөліміндегі нұсқаулықпен танысыңыз;
- «Тестілеуді бастау» батырмасын басып, қазақ немесе орыс тілін таңдаңыз.
Келесі қадам – пайдаланушылық келісімді қабылдау. Жүйе сіздің техникаңыз бен интернетіңіздің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді.
Тестілеуге қатысу үшін дербес компьютер немесе ноутбук, 5 Мбит/с кем емес жылдамдықпен тұрақты интернет, бөлмені шолу үшін интернетке қосылған смартфон, жұмыс істейтін микрофон мен веб-камера қажет. Google Chrome браузерін қолдануды ұсынамыз.
Жеке басыңызды веб-камера арқылы сәйкестендіргеннен кейін, сізге 25 сұрақтан тұратын тесті тапсыру ұсынылады. Әр сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы бар. Тест ұзақтығы – 25 минут. Нәтижелер автоматты түрде есептеледі.
Тестілеу нәтижесі жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде көрсетіледі, ал қорытынды нәтиже pkrezerv.gov.kz сайтында және жеке кабинетте 2025 жылғы 8 тамызға дейін жарияланады.