Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектерімен кездесу өткізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектерімен кездесу өткізді

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай       ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасында білім алған мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Дархан Жазықбай кездесу барысында Агенттіктің бастамасымен мемлекеттік аппарат жұмысын жаңғыртуға бағытталған жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілерді оқыту бағдарламалары мен тәсілдері жаңартылып отырғанын және осы өзгерістердің арқасында мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқару саласында қажет әртүрлі дағдыларды терең меңгеру мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

«Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік саясат», «Экономика», «Өңірлік даму», «Адами ресурстарды басқару», «Халықаралық қатынастар» салаларындағы білім беру бағдарламалары нәтижесі бойынша 109 магистрант пен 4 докторант біліктілік дипломдарына ие болды.