Мемлекеттік басқару академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Бердібек Сапарбаевтың қызмет жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері мен Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекет қайраткерінің әріптестері мен шәкірттері, отбасы мүшелері, сондай-ақ Академия тыңдаушылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай тұсаукесердегі құттықтау сөзінде Бердібек Машбекұлының 40 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.