Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби тұлғалық болмысын ілгерілету бойынша 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында семинар өткізілді.
Бұл бастама адалдық, әділдік және жеке жауапкершілік құндылықтарына негізделген мемлекеттік қызметші бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Адамшылық құндылықтарын насихаттау және денсаулыққа деген қамқорлық – мемлекеттік қызметшінің саналы өзгеруіне ерекше ықпал ететін маңызды қадам. Осыған орай, семинар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының мамандары қатысты.