Тәжікстан мемлекеттік қызметшілеріне арналған оқыту тренингі өтті

Тәжікстан мемлекеттік қызметшілеріне арналған оқыту тренингі өтті

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметті дамыту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда. 2025 жылғы 2-4 маусым аралығында Агенттік Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сұранысы бойынша мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерін цифрландыру мәселелері бойынша оқу тренингін өткізіді.

Тренинг аясында шетелдік тыңдаушыларға отандық мемлекеттік қызметті цифрлық трансформациялау саласындағы тәжірибесі таныстырылды.

Атап айтқанда, қатысушыларға мемлекеттік органдар мен ведомствоға қарасты ұйымдардағы кадрлық үдерістерді автоматтандыруға арналған «е-Qyzmet» ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай кадрлық жүйе таныстырылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқыту бағытында жұмыс істейтін Адами ресурстарды басқару институтының қызметіне ерекше назар аударылды.

Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері ұсынылған тәжірибені жоғары бағалап, оның мемлекеттік қызмет жүйесін дамытудағы өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.