1 маусымнан бастап Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Іріктеу алты кезең бойынша өткізіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1-30 маусым аралығында беруге болады.
Сайтқа қалай тіркеледі?
А.ж. 1-30 маусым аралығында қатысушы сайтта тіркеуден өтуі қажет.
Кандидаттың жасын тексергеннен кейін жүйе оған жеке кабинетте анкетаны толтыруға және қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік береді.
Іріктеуге қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Іріктеуге қатысу үшін жеке кабинетке келесі құжаттарды жүктеу қажет:
1) жоғары білім туралы диплом;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
3) мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгергенін растайтын әрі жарамды Qazaq Resmi Test немесе KAZTEST сертификаты.
Тіркеу кезінде қатысушылар алты салалық бағыттың бірін таңдауы керек:
- Әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам;
- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- Экономикалық және қаржылық саясат;
- Цифрландыру;
- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- Сыртқы саясат және инвестициялар.
Мемлекеттік тілді білу туралы сертификатты қалай алуға болады?
Өтінім беру кезінде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда, кандидаттың жеке кабинетінде қолжетімді промокодты пайдалану арқылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ҚАЗТЕСТ» жүйесінде (бекітілген кестеге сәйкес оффлайн режимде) немесе
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST жүйесі арқылы (онлайн режимде кез келген ыңғайлы уақытта) бір рет тегін тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі.
QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТжүйелерінде тестілеуден өту үшін берілгенпромокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.
Кандидат іріктеуге қатысу үшін тіркеуді тиісті сертификат алғаннан кейін ғана аяқтай алады. Сертификатты беру мерзімі – 10 жұмыс күніне дейін.
«Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуге қалай жазылуға болады?
«Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуге жазылу өтінімнің қабылданғанытуралы хабарлама алған сәттен бастап 2025 жылғы
30 маусым сағат 23.59-ға дейін қолжетімді болады. Қатысушы ұсынылған уақыттардың ішінен тестілеу өтетін уақытын таңдауы керек.
Кері байланыс
Тіркелу барысында сұрақтар туындаған жағдайда, кандидаттар тәулік бойы pkrezerv.gov.kz сайтындағы Jivo чаты арқылы немесе +7 700 096 70 74 нөмірібойынша, сондай-ақ info@pkrezerv.gov.kz электрондық поштасына хат жолдау арқылы Қолдау қызметіне жүгіне алады.