Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Хабар» телеарнасындағы «Көзқарас» ақпараттық-талдамалық бағдарламасына қатысып, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша сұхбат берді.
Бағдарлама барысында Агенттік төрағасы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу, оның талаптары мен кезеңдері туралы айтты. Аталған жоба – ел мүддесіне адал қызмет етуге дайын, кәсіби білікті, дарынды жастарды анықтауға әрі қолдауға бағытталған.
Сондай-ақ сұхбат аясында Агенттік әзірлеген Мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң талқыланды. Заң аясында мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеруді жетілдіру, меритократия қағидаттарын күшейту, адамға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру көзделуде.
Бұдан бөлек, Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметтің гибридтік моделін енгізу аясында жеке сектордан кәсіби мамандарды, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту шаралары жөнінде айтып өтті.