А.ж. 19 наурызда Агенттікте өткен баспасөз конференциясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Шыңғыс Қабдула және ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Қуат Оспанов сөз сөйледі.
Спикерлер Агенттік және Ішкі істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы 2019 –2020 жж. арналған іс-шаралар жоспары аясында ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған бірлескен шаралар туралы әңгімеледі.
Спикерлердің сөз сөйлеуін Агенттіктің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына көруге болады.
А.ж. 19 наурызда Агенттікте өткен баспасөз конференцияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев және ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сапиев сөз сөйледі.
Спикерлер Агенттік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша бірлескен шаралар туралы ақпарат берді.
Спикерлердің сөз сөйлеуін Агенттіктің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына көруге болады.
Агенттік Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлесіп а.ж. ақпанында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негіздері және үздік әлемдік тәжірибе» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар нәтижесі туралы бейнеролик Фейсбукте орналастырылған. Бейнеролик арқылы семинарда қандай тақырыптар қозғалғаны жөнінде білуге болады.
2019 жылдың 4 наурызында Мемлекеттік басқару академиясында «Digital қолданумен этикалық басқарудың жаңа әдістері» тақырыбында Еуразиялық топтың (Eurasian Resources Group) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевичтің қонақ дәріс болып өтті.
Александр Антонович өзінің бірінші дәрісінде Академия тыңдаушыларына Digital қолданумен этикалық басқарудың жаңа әдістері туралы айтты.
Дәріскер қазір бүкіл әлемдегі үкімет пен мемлекеттік басқару органдарының алдында тұрған негізгі сын-тегеурінді талаптар туралы айта келе, егер бұрын мемлекеттік басқарудың міндеттері түсінікті және құрылымдалған болса: жоспар, бекітілген бюджет, бөлінген қаражат, белгілі бір KPI жиынтығы бар болса, бүгінгі таңда негізгі міндет – бұл сын-тегеуріндерге әрекет ету екендігін атап өтті. Мұны деректерге ие бола отырып қана тиімді іске асыруға болады. Олардың көлемі өте көп. Оған digital құралдар көмектеседі (цифрлық із, предиктивті талдау). 21 ғасыр – ақпараттық әлем, ол алуан түрлі қажеттіліктер мен сұраныстарды тудырады. Егер бұрын қажетті мөлшерде жай ғана мектептер қажет болса, бүгінгі таңда - белгілі бір (шын мәнінде, аса түсінікті емес) дағдылары, түрлі форматтары, өз жеке тұжырымдамалары бар мектептер қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік басқару сапасын жетілдіру үшін министрліктер мен ведомстволардың жұмысында жаңа технологияларды енгізу қажет, бұл технологиялар жай сәйкес болып қана қоймай, азаматтық қоғамның дамуынан озық болуға тиіс.
Ашық мемлекеттік басқару мен смарт-келісім-шарттар үшін үлкен мүмкіндік беретін технология ретінде Блокчейн туралы көп айтылды. Дәріскер экономикалық және демографиялық көрсеткіштерден бастап жалға алынған велосипедтерді пайдалану статистикасына және автобус маршруттарының жүктелуіне дейінгі көптеген параметрлерді жинақтауға және талдауға мүмкіндік беретін, келешектің негізгі технологиялары болып табылатын «Big Data» жайында көп ой білдірді. «Болашақ қаласы» тақырыбы аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.
Александр Машкевич Ақкөл қаласы туралы, онда оның командасы мемлекеттік органдармен және Қазақтелекоммен бірге «оқуға» және «ойлауға» қабілетті біртұтас тірі организм ретінде жұмыс істейтін когнитивті қала технологиясын қолданғандығы жайында айтты.
Оның айтуынша, Ақкөл қаласындағы платформаның негізі ашық деректермен толықтырылған видеоаналитика мен сенсорлар болып табылады. Бұл ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей шешім. Интеллектуалды жүйенің негізгі терезесі барлық сәулет нысандары, инженерлік инфрақұрылым, сенсорлары бар қаланың цифрланған картасы болып табылады. Когнитивті қала – бұл, әрине, қауіпсіз қала, онда жайлы өмір сүруге және өзін әлеуметтік тұрғыдан қорғалған деп сезінуге болады. Мамандар қаладағы бейнекамераларды төбелесті, адамдардың жаппай жиналуын, қараусыз қалған заттарды, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтауға үйретті. Сонымен қатар, видеоаналитика жүйесі адамдардың бет-әлпетін тануға мүмкіндік береді. Мысалы, бейне синопсис технологиясы немесе берілген параметрлерге жауап беретін эпизодтарды ғана бере отырып, көп сағаттық бейнежазбаларды жылдам «конспектілеуге» мүмкіндік беретін бейне конспект.
Мемлекеттік қызметшінің қазіргі заманғы портреті туралы айта келе, лектор көптеген әлемдік сарапшылар бүгінде басты тренд – мемлекетті цифрлық платформа ретінде құруға деген талпыныс екендігімен келісетіндігін атап өтті. Бірақ бұл құзыреттілікке түбегейлі жаңа талаптар қояды.
«Бүгінде мемлекеттік қызметші тек білікті ғана емес, ең бастысы – халық арасында сенімге ие болу керек. Бұл заңды, әділ биліктің басты көрсеткіші – сенім және ол расында да оңай келмейді. Билікке деген мұндай сенім тікелей елдің әл-ауқатына оң әсер етеді. Қалайша? Қазір сіздің алдыңызда бизнес өкілі, егер мен аппарат ретінде мемлекетке сенетін болсам, мен ұзақ мерзімді жоспарлауға мүмкіндік бере аламын. Сол кезде мен осы елдегі жобаларға инвестициялаудан, айналым қаражатын алудан, оларды жобаларға тағы да салудан қорықпайтын боламын. Сондықтан да біздің корпорация мемлекетке басқару барынша ашық болатынжүйелерді құруға көмектесуге мүдделі», - деп түйіндеді А. Машкевич.
Танымал спикердің дәрісі екі сағатқа созылды, дәріске қатысушылар цифрландыру, білім беру, болашақ мамандықтары, Қазақстандағы өндірісті дамыту, экология, тіпті философия салаларында өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Дәріс аса қызығушылық тудырды.
Дәріске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Академия мен Агенттіктің қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс арқылы өңірлік МҚД мен Академия филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Қонақ дәрісі аясында Машкевич Александр Антоновичке Қазақстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен игілікті ынтымақтастығы үшін Академияның құрметті профессоры атағы берілді.
Тұңғыш рет ҚР МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бастамасымен ҚР Жоғарғы сотының алаңында, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі көкейтесті мәселелер талқылау бойынша «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
Аталмыш шара аясында ортақ мақсатты жүзеге асыру көзделген, яғни заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету.
Сот корпусы мен Ұлттық бюро азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз сақтауға мүдделі екендігі айтылды және олардың қылмыстық процесске заңсыз тарту фактілерін болдырмауды көздейтіндігі сөз болды.
Пікірталас барысында құқық қолдану тәжірибесі төңірегіндегі өзекті сұрақтар да талқыланған болатын.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша айтылған ұсынымдардың барлығы азаматтардың құқықтарын және мемлекет мүддесін тиімді қорғауға ықпал етпек.
А.ж. 28 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, сондай-ақ оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволарында - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да ашық есік күні өтті.
Шара барысында қатысушыларға Агенттік қызметкерлерінің іс жүзіндегі жұмыстары таныстырылып, Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті әдістемелік және құқықтық көмектер көрсетілді.
Келушілерді уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары қызықтырды – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік қызметке түсу және өткеру.
Агенттіктің әрбір құрылымдық бөлімшесінің басшылары өздері жауапты департаменттің қызметімен таныстырды, толығырақ күнделікті орындалатын бизнес-процесстерге тоқталып, түскен әрбір сұраққа нақты жауап қайтарды.
Келушілердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері де аз болмады, оларды мансаптық өсу, мемлекеттік органдарда көп сұранысқа ие мамандықтар тізімі қызықтырды. Жастардың басым бөлігі алдағы уақытта бос лауазымдар конкурсына қатысуға ниетті екендерін жасырмады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында өткен ашық есік күніне келгендер, жедел-тергеу құрылымдарының жұмысы, сыбайлас жемқорлық фактілерң туралы хабарлаған тұлғаларға сыйақы тағайындау тәртібі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ашу тәсілдері, сондай-ақ жемқорлық фактілері бойынша өтінішті беру құралдары қызықтырды.
Жалпы республика бойынша аталған шараға 1700-ден астам адам қатысты.
Бұл шараны өткізу мемлекеттік орган мен халық арасында сенімді қатынастың орнауына септігін тигізді, сонымен қатар, Агенттіктің айқындық және ашықтық жолын ұстанатындығын тағы да бір көрсетті.
Агенттікпен ашық есік күндерін өткізу алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кету керек, а.ж. 23 ақпанында «Ашық есік күні» ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында да өткізілген болатын.
Осы күні Астана қаласындағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер оқу орнының басшылығы мен оқытушыларынан Академияға оқуға түсу және қабылдау тәртібі туралы толыққанды ақпарат алды. Оқуды аяқтаған соң кәсіби және тұлғалық өсу мүмкіндіктері туралы Академияның магистранттары мен түлектері айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің әрбір азаматы 1424 Call-орталығы (қоңырау шалу тегін) хабарласу арқылы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерін сақтау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы туралы бірыңғай кеңес ала алады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігі бар.
Бүгінде мемлекеттік басқарудың басты міндеттерінің бірі –нақты нәтижелерге жылдам қол жеткізу. Бұл құбылыс біздің елімізде ғана емес, басқа елдерде де орын тапқан.
Нақты шешімдерді дер кезінде қабылдап, оларды жылдам жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып, біз Академияда пилоттық жобаны бастадық. Бұл – мемлекеттік қызметшілер, азаматтар мен бизнес өкілдері қандай да бір мәселені шешу бойынша өздерінің идеялары мен ұсыныстарын Агенттік басшылығына және министрліктерге жеткізетін немесе жаңа жобаларды ұсына алатын «Идеялар фабрикасы – Quick Wins» атты алаңы.
Қазіргі таңда бірқатар мәселелер қарастырылып, олар бойынша жылдам шешімдер қабылдануда. Мәселен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жұмысына жасанды интеллектіні қолдану және басқа.
Бұл тәсілдің жаңашылдығы немесе берер әсері не дейтін болсақ. Мұнда бюрократияға, хаттамаларға, регламенттер мен басқа да уақыт кететін кедергілерге жол жоқ. Оның орнына шешім қабылданып, нақты нәтижеге қол жеткізіледі. 4 кездесу өтті, қатысушылардың аясы кеңеюде. Біз жылдам нәтижелерге бағытталған жаңа идеялар мен жобаларды күтеміз. Ақпаратты біздің сайт пен әлеуметтік желілер парақшаларымыздан таба аласыздар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды біздің Идеялар фабрикасына қосылуға шақырамыз.
Бұл пилотты одан әрі кеңейтуді жоспарлаудамыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың жұмысына айтарлықтай жаңа тәсілдерді енгізіп жатқан, бірқатар мемлекеттерге мысал келтіруге болады.
Мәселен, Сингапурлық үкімет IT-индустрияны дамыту мәселесінде әлем бойынша алдыңғы қатарда. Бұл ретте, бірқатар үкіметтік агенттіктер инновациялық бағдарламалардың инициаторлары ғана емес, сондай-ақ IT, медиа, ғылым, шағын бизнес саласындағы стартаптарға қолдау көрсетеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде мемлекеттік органдарды, жалпы үкіметті трансформациялауды жылдамдататын үкіметтік акселератор жұмыс істейді. Бұл – жылдам шешімді қабылдау бойынша мемлекеттік стартап. Біз Дубайда болып, үкіметтік акселератор жұмысымен таныстық.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде шешу талап ететін негізгі міндеттер тізімі құрылады. Министрліктердің сыртында коворкинг-орталық сияқты инновациялық алаңдарда бірлескен топтар құрылады. Осы топтардың жұмысына тренерлер және коучтар да қатысады. 7, 15, 30, 60 және 90 күндік мерзім белгіленеді, осы уақыт аралығында жылдам және елеулі нәтижелерге қол жеткізілу тиіс.
Біздің ойымызша, мұндай тәжірибені біздің елде де толығымен жүзеге асыруға болады. Қазіргі таңда, Қазақстанда бизнес-стартаптарды дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Өз кезегінде, мемлекеттік стартаптарды енгізу шешім қабылдау процесіне азаматтық қоғам мен бизнесті барынша тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік органдардың өз қызметін корпоративтік немесе бизнес секторға барынша жақындатып, мобильді және икемді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.
Атап айтсақ, қазір Академия Агенттікпен бірлесіп, рутиндік әрі қажет емес бизнес-процестерді анықтап, оларды жою және цифрландыру жұмысын жүргізілуде.
Сондай-ақ, министрліктердің жауапты хатшыларын біріктіретін «Өзгерістер кеңсесін» құруы қарастырылуда. Бастама Президент Әкімшілігінің қолдауын тапқан.
Осылайша, мемлекеттік аппарат қызметіне бірден-бірге басқару мен шешімдерді қабылдаудың озық практикалар енгізілуде. Бұл өте өзекті, өйткені Елбасы күні кеше ғана «Нұр Отан» партиясының съезінде жылдам өзгерістердің қажеттілігін атап өтті.
2019 жылғы 26 ақпанда Агенттікте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті және мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері бойынша комиссия отырысы Қоғамдық кеңес және осы комиссияның мүшесі Мирболат Хабиұлы Жақыповтың төрағалығымен өтті.
Комиссия Агенттіктің Заң департаменті мен Мемлекеттік қызмет департаменті әзірлеген Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің 3 жобасын қарастырды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы және Агенттік Төрағасының «Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» бұйрығының жобасы бойынша Заң департаменті директорының м.а. А.Ә. Қапышева баяндады.
Агенттік Төрағасының «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы туралы Мемлекеттік қызмет департаментінің Мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне іріктеу басқармасының басшысы Е.Ү. Бердібеков баяндады.
Комиссия отырысының нәтижесі бойынша жоғарыда көрсетілген Агенттіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобасы мақұлданды және бірқатар ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, М.Х. Жақыпов Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінде енгізілген жұмыс кеңістігінің «Open space» технологиясымен танысты. Технологиямен Департамент қызметкерлерінің ашық әйнек қалқандарының сыртында орналастыру көзделген. Агенттіктің саясаты істердің ашықтығы пен транспаренттікке бағытталған.
Қоғамдық кеңес мүшесі Агенттік қабылдап жатқан шараларға оң бағасын берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Ашық есік күндері» акциясы аясында барлық азаматтар үшін өз есігін ашады.
Іс-шараға қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіледі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, Ұлттық бюро қызметкерлерінің жұмысы көрсетілетін болады.
Акция 2019 жылғы 28 ақпанда Астана қаласы Сейфуллин көшесі 37 үй мекен-жайы бойынша сағат 10:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін өтеді.
Осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер рұқсатнама рәсімдеу үшін akhmedyanova.s@nab.gov.kz электрондық мекен-жайына жеке куәліктің көшірмесін жіберу қажет.