Меню
Страницы
Агенттік туралы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Аумақтық департаменттер
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
11 апреля 2019
Жалпы сомасы 11,8 трлн. теңгеден астам сомаға инвесторлардың 306 жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүргізілуде

МҚІСЖҚА өткен брифингте «Protecting business and investments» жобалық кеңсесінің менеджері Айдос Мамыт жобаның жұмыс нәтижелері туралы айтты.

елімізде қолайлы инвестициялық климатын орнату және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Protecting business and investments» жобалық қеңсесін құрды, ол инвесторлар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтарын және мүдделерін қорғауға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүемелдеу жүргізуге арнайы бағытталған.

Жобаның басты өзгешелігі - инвесторларды арсыз шенеулік тарапынан бюрократияның һәм жемқорлық қол сұғушылықтың барлық түрлерінен 100% қорғау және кепілдік беру.

Еліміздің барлық аймақтарында фронт-офистер ашылып 140-тан астам лауазымды тұлғалар бекітілген.

Кеңселердің мақсаты «үздіксіз» тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау арқылы әрбір бизнес-жоба бойынша нақты практикалық жұмысына бағытталған: аптасына 7 күн және тәулігіне 24 сағат бойы.

Инвесторларға қойылатын жалғыз шарт- сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге символикалық түрде қосылу, яғни адал бизнес, сыбайлас жемқорлықсыз және оның кез-келген көрінісі үшін «мүлдем төзбеушілікпен» жол бермеу бойынша міндеттемелерді қабылдау.

Бүгінгі таңда жоба кәсіпкерлік субъектілері арасында кеңінен қолдау табуда.

Сонымен, бүгінгі күні жалпы сомасы 11,8 трлн. теңгеден астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 306 жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүргізілуде.

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар саны шамамен 30% (Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Польша, Малайзия және т.б.).

Жобалық кеңсе өз қызметі барысында инвесторлар тарапынан келіп түсетін шағымдар бойынша әр түрлі проблемалық мәселелермен бетпе-бет келуде.

Қазіргі уақытта біздің қоржынымызда бірқатар шешілген мәселелер бар. Инвесторлармен тікелей байланыс орнату арқасында елдегі бизнестің және кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін «ауырсыну нүктесін» анықтауға мүмкіндік береді.

Ағымдағы кезеңде елімізде проблемалық мәселелер бойынша келіп түскен 431 өтініштің 394-і (91% жуық) кәсіпкерлер мен инвесторларға көмек көрсету арқылы оң шешімін тапты.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері бойынша 17 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, 42 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде әртүрлі санаттағы басшылар мен әкімдер жоқ емес.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерлік субъектілеріне («Жайықгидрогеология» ЖШС «Ais Project»)

геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін беру бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсету мерзімдерін бұзғаны үшін екі аудан әкімі (Қаратобин, Жәнібек аудандары) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысында «Portland-Limited» ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беруден негізсіз бас тартқан үшін облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы ұксас жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Павлодар қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының сектор меңгерушісіне 240 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Осындай өтініштердің негізінде Агенттік әкімшілік тосқауылдарды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар әзірлеумен жиі кездесетін проблемаларды қорытындылап талдауда.

Тәжірибе көрсеткендей, инвесторлар мен кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерінің айтарлықтай үлесі ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары, сондай-ақ монополистердің көрсететін қызметтері салаларына байланысты (инженерлік желілерге қосылу, техникалық жағдайларды алу және т.б.).

11 апреля 2019
талқылау және шешім қабылдау тетіктерімен байланысты бизнес-процестерді трансформациялау тәсілдері туралы

А.ж. 11 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттік Аппаратының басшысы Саян Ахметжанов талқылау және шешім қабылдау тетіктерімен байланысты бизнес-процестерді трансформациялау тәсілдері туралы хабарлады.

«Жыл басында қоғаммен диалог тұжырымдамасына негізделген Агенттік алқа отырысының жаңа форматы табысты сынақтан өтті.

Сарапшылар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер тікелей эфирде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы проблемаларды талқылады.

Келесі қадам ретінде Агенттік «жоғарыдан-төменге» бір жақты шешім қабылдауға негізделген апта сайынғы аппараттық кеңестердің стандартты регламенттелген нысанынан стратегиялық сессиялар форматына, яғни жаңа идеяларды әзірлеуді ынталандыратын көлденең диалогқа көшті», - деді спикер.

Тақырыптар енді Агенттіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, барлық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметімен байланыстыра отырып анықталады.

Жұмыстың негізгі тәсілдері:

- тақырыптардың стратегиялық және инновациялық бағыты;

- Агенттіктің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның олардың аумақтық бөлімшелері мен Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының барлық қызметкерлерін талқылауға барынша тарту;

- осы алаңды нақты шешімдерді әзірлеу және жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдалану.

Ұжымның пікірін есепке алу, бастаманы көрсету үшін жағдай жасау мақсатында ұжымның әрбір мүшесі Ақпараттық жүйелер арқылы жүргізілетін сауалнамалар сияқты кері байланыс тетіктерін енгізеді.

Құрылымдық және аумақтық бөлімшелерден, ведомстволық бағынысты ұйымдардан келіп түскен ұсыныстар стратегиялық сессияларда талқыланады.

Стратегиялық сессиялардың форматы Агенттік жұмысында формализм мен бюрократияны алып тастады, ашықтық пен стратегиялық ойлауды, креативтілік пен бастамашылдықты қамтамасыз етті.

Агенттік кәсіби-стратегиялық мемлекеттік аппараттың дамуын қамтамасыз ететін уәкілетті орган бола отырып, одан әрі де ынтымақтастықтың жаңа мәдениетін енгізетін және барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көлденең өзара іс-қимылының алдыңғы қатарлы нысандарын тарататын болады.

Бірінші стратегиялық сессияда Агенттіктің миссиясы мен құндылықтары, басшылардың және қызметкерлердің Агенттіктің негізгі мақсаттары мен құндылықтарын түсінуі талқыланды, бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мелекеттік қызметтің алдыңғы қатарлы жүйесі бар мемлекеттердің тәжірибесі зертелді (АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, БАЭ).

Агенттік миссиясының алдын ала редакциясы әзірленді, ол «Біз халықтың сенімі мен әл-ауқатына негізделген мемлекеттік қызметті дамытамыз» деп аталады.

Бұдан басқа, интерактивті сауалнама әдісімен әр қызметкерден алынған Агенттіктің құндылықтарын анықтау бойынша ұсыныстар қаралды. Ұсынылған құндылықтар нұсқаларының ішінде «ашықтық», «парасаттылық», «креативтілік», «тиімділік» және «транспаренттілік» басым болады.

11 апреля 2019
2018 жыл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жөнінде

Бұл жөнінде МҚІСЖҚА өткен брифингте Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры ақпарат берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Агенттікпен Елбасына енгізіліетін өзекті құжаттардың бірі болып табылады. Ол сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Ұлттық баяндаманың кіріспесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың базалық бағыттарын және Ұлттық баяндаманың негізгі мазмұнын қамтиды.

Негізгі бөлім 2018 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігін талдауды қамтиды.

Атап айтқанда, бірінші тарауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі жоспарды орындаудың жылдық қорытындылары шығарылды.

Екінші тарауда халықаралық зерттеулерге, құқықтық статистика деректеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің әлеуметтік өлшемдеріне негізделген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мен таралу үрдісіне талдау көрсетілген», - деді спикер.

Transparency International Kazakhstan сарапшылары Қазақстанның трансұлттық және жергілікті сыбайлас жемқорлықтың өсуі аясында  рейтингтегі өз ұстанымдарын ұстап қалғанын (31 балл), сондай-ақ елдің Орталық Азия өңіріндегі үздік көрсеткіштерін атап өтті.

Үшінші тарауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық моделінің және оның алдын алудың негізгі басымдықтары ашылған.

Есеп беретін және кәсіби мемлекеттік аппаратты дамыту, этикалық бақылауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жұмыстары 2018 жылы олардың үлесін 69%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді (2017 жылы - 50%).

Салалық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерттелді.

Жобаларды басқару және ақпараттық технологиялар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тәсілдерді сипаттайды.

Мысалы, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда.

Төртінші тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамауды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету мәселелеріне арналған.

Баяндаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жақсарту бойынша ұсынымдар қорытындылай келеді. Мәселен:

1) заңсыз байытқаны, пара беруге уәде бергені және ұсынғаны үшін жауапкершілік белгілеу;

2) жария құқық заңды тұлғалар институтын енгізу;

3) бақылаушы құрылымдарды тарата немесе түбегейлі қысқарта отырып, мемлекеттік бақылаудың орнына кәсіпкерлердің жауапкершілігін сақтандыруды енгізу;

4) Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіру;

5) мемлекеттік қызметшілерді парасаттылыққа тексеруді енгізу (integrity check);

6) заңнамалық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарды қорғау туралы сараланған ережелерді көздеу;

7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу;

8) басшылардың бағынысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда дербес жауапкершілігі белгілеу;

9) сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік жауапкершілігін белгілеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың қорытындылары бойынша ұсынымдарға орындауға міндетті сипат беру;

10) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды және оның құзыретін айқындау.

11) рәсімнің өмірлік циклі шеңберінде «бір өтініш» (мемлекеттік органға бір рет жүгіну) қағидатына көшу жолымен мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылының белсенді форматын барынша енгізуді қамтамасыз ету;

12) азаматтардың ақпараттық сұраныстарын есепке алу тетігін енгізу;

13) елдің барлық өңірлерінде «қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын іске қосу»;

14) «Цифрлық агент» жүйесіне мемлекеттік құрылымдардың неғұрлым көп санын қосу;

15) озық елдер мысалында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін түбегейлі қысқарту;

16) «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы шеңберінде:

- мемлекеттік органдардың қызметіне тұтынушыға бағытталу қағидатын енгізу;

- кедергісіз орта құру;

- азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту;

- «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату (халықтың бюджетті қалыптастыруға тікелей қатысуы) ұсынылған.

Бұл шараладың барлығы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.

Елбасы Ұлттық баяндаманы мақұлдап, Агенттікке оның жариялануын және онда қойылған ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған байланысты Агенттікпен ұсынымдарды орындау бойынша мемлекеттік органдардың бекітілуі әзірленеді.

 

 
11 апреля 2019
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Өзгерістер кеңсесінің» құрылуы туралы

Бұл туралы МҚІСЖҚА өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жакыпова сөз сөйледі.

«Бүгінгі күні мемлекеттік аппарат алдындастратегиялық мақсаттарға жедел және тиімді түрде қол жеткізу міндеті тұр. Қазіргі заманның мемлекеттік қызметкері заманауи технологияларды меңгерген, жаһандық қауіп-қатерлерге жауап бере алатын және өзгермеліәлем жағдайында шешімдер қабылдай алаболуы қажет.

Сондықтан, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Президент Әкімшілігінің қолдауымен «Өзгерістер кеңсесі» құрылуда. Кеңсе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында жұмыс жасайды.

Өзгерістер кеңсесінің қатысушыларыжауапты хатшылар, жауапты хатшылар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері болады. Сондай-ақ, бизнес-қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдарды шақырту жоспарланып отыр», - деді спикер.

Айына 1-2 рет «галстуксыз» форматында, жоғары білікті тәлімгерлер мен коучерлердің қатысуымен қарқынды қысқа мерзімді сессиялар өткізіледі.

Әрбір сессия белгілі бір тақырыпқа арналатын болады. Біз осындай маңызды мәселеден бастауды жоспарлап отырмыз, Ұйымдық даму және көшбасшылық(мемлекеттік органдағы өзгерістерді басқару, жылдам нәтиже, жаңа ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыру: формализм мен бюрократиядан болашақ ұйымға дейін, мемлекеттік органдар қызметіне HR және талант менеджментті енгізу).

Мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды тақырып Стратегиялық менеджмент (мемлекеттік органның миссиясын, көзқарасын және құндылықтарын қайта қарау, мемлекеттік органның жаңа стратегиялық бағыттары мен басымдықтары: проблемаларды басқарудан жаңа сапаға және нақты нәтижелерге дейін, мемлекеттік органның бизнес-процестерін цифрлық реинженирингі).

Бүгінгі таңда қаржылық менеджменттіенгізу маңызды болып отыр (қаржылық жоспарлау мен нәтижелерге негізделген бюджеттеуді оңтайландыру, мемлекеттік сатып алуды басқару). Өз кезегінде, бұл жеке тақырып болады.

Тиімді коммуникациялар (халықпен өзара байланыс форматын өзгерту: жеке брендинг, SMM құралдары, кері байланыс, жанжалдарды басқару: тиімді келіссөздер).

Әрбір сессия мынадан құралады: алдын-ала дайындалған сұрақтар (проблемалық аймақтарды анықтау), кейстерді талдау, түпкілікті нәтижені анықтау (әлеуметтік әсерді), шешім қабылдау тетіктерін әзірлеу және іске асыру мерзімін анықтау.

Белгілі бір шамада бұл тәсіл Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесіне сәйкес келеді, онда бір платформада түрлі ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері азаматтық қоғам және бизнеспен өзара іс-қимыл жасай отырып, жеделдетілген режимде мемлекеттік ауқымдағы міндеттерді шешеді.

Біздің платформа мемлекеттік органдарды жылдам 

трансформациялауға бағытталатын болады. «Өзгерістер кеңсесін» құру және оған жауапты хатшылар мен аппарат басшыларының қатысуы қысқа мерзімде мемлекеттік органдардың қызметін қайта құруға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Бұған мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысына жеделдетілген оқыту және инновациялық құралдарды енгізу арқылы қол жеткізілетін болады.

Ақырында, бұл кәсіби ойлауды өзгертіп,мемлекеттік органдардың ведомствоаралық синергиясын қамтамасыз етуі қажет.

08 апреля 2019
«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы басталды

5 сәуір «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) бастау алды.

Байқауға қатысу үшін мемлекеттік қызметте кем дегенде бір жыл өтілі бар, әкімшілік және тәртіптік жаза жоқ мемлекеттік қызметшілерге рұқсат беріледі.

I кезең – жергілікті деңгейде, жергілікті конкурстық комиссиясымен өткізіледі.

Жергілікті конкурстық комиссия (бұдан әрі - жергілікті комиссия) 9 адамнан, хатшыдан тұрады және Агенттіктің аумақтық органдарымен қалыптастыра отырып, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен, тәуелсіз сарапшылардан және Агенттікпен келісім бойынша басқа тұлғалардан құралады.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылады;

2) II кезең – конкурс республикалық деңгейде, республикалық конкурстық комиссиясымен өткізіледі.

Республикалық конкурстық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі белгілеген 9 адамнан және хатшыдан тұрады.

Республикалық комиссияның хатшысы Агенттік қызметкері болып табылады, ол Конкурсқа және дауыс беруге қатыспайды.

Республикалық комиссияның қызметінде ұйымдастырушылық сүйемелдеу Агенттік қызметкерлерімен жүзеге асырады.

Екінші кезеңнің нәтижелері бойынша Конкурстың жеңімпаздары анықталды.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілері күнін мерекелеуге байланыстырады - 23 маусым.

Конкурс мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін үздік кәсіби білімдермен анықтауға және ынталандыруға бағытталған.

Толығырақ ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы әдістемелік нұсқауларда берілген.

05 апреля 2019
МҚІСЖҚА Төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова азаматтардың сұрақтарына жауап береді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың қатысуымен а.ж. 5 сәуірде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін  интернет-конференция өтеді.

Агенттік Төрағасының орынбасарымемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіру қажет.

 

04 апреля 2019
Елорданың медициналық ұйымдарында «жасырын сатып алушы» тәсілімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген мониторинг нәтижесі

Бұл туралы бүгін МҚІСЖҚА өткен баспасөз конференциясында Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Ильдар Уйсімбаев ақпарат берді.

Агенттіктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті азаматтардың әлеуметтік жүйелердегі теріс басылымдарының (Facebook, Youtube, Tengrinews және т.б.) және комментарийлерінің негізінде елорданың медициналық ұйымдарында «жасырын сатып алушы» тәсілімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторингі жүргізілді.

Азаматқа кепілді медициналық көмек алу үшін, дәлірек оған аудандық дәрігерлердің және тар шеңбердегі мамандардың қабылдауы бойынша, диагностика және медициналық тексерулер, балаларға қамқорлық жасау және жүктілерді жүргізу, дәрігерді үйге шақыру және стационарға жолдау үшін медициналық ұйымға тіркелу қажет (жеке куәлік құжатын көрсету).

Алайда, мониторингі барысында, №7 және 10 қалалық поликлиникаларына тіркелу кезінде азаматтардың жеке куәлік құжаттарының көшірмесін және кеуде рентгенін негізсіз сұрату анықталды.

Анықтама: сөйлесу барысында поликлиника қызметшілері артық құжаттарды сұрату фактілерін мойындайды.

Бұл ретте, науқастарға рентгендік тексеруді поликлиниканың өзінен өтуді 1500 теңгеге ұсынады.

Анықтама: Егер медициналық ұйымға тіркелген болса және емдеуші дәрігердің тиісті жолдамасы болса рентгендік тексеру ақысыз жүргізіледі.

Сондай-ақ мониторингімен жоғары аталған медициналық ұйымдарға тіркелу 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетіні анықталды, ал стандартқа сәйкес оны көрсету мерзімі 1 жұмыс күні.

Артық құжаттарды сұрату ұқсас фактілері, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуы №9 қалалық медициналық ұйымында, «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығында да анықталды.

Бұдан басқа, электрондық кезектердің болмауы, маман дәрігерлерге бару «жанды» кезек түрінде іске асырылады, дәрігер қабылдауына жазылу электрондық түрде көрсетілуіне қарамастан, журнал арқылы қағаз түрінде жүргізіледі.

Сондықтан мониторингі кезінде поликлиникаларда үлкен кезектер байқалды, ол азаматтардың объективті наразылығына алып келді.

Медициналық қызметтерді алу кезіндегі заңнаманың ұқсас бұзушылықтары Ақмола, Атырау, Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Ақтөбе облыстарында анықталды.

Сонымен қатар, Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген интернет-ресурстағы жарнамаларды мониторингілеу нәтижесінде 086/е медициналық анықтаманың сатылатыны анықталды.

Мұндай қызметтің құны екі жарым мың теңгені құрады. Бұл сомаға флюрография да кірді.

Департамент қызметкерлері делдалдармен кездескен соң бұл расталды.

Осындай фактілер Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында белгілі болды. Павлодар облысында жұмысқа уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын жасау фактісі орын алды (Павлодар қ. № 4 емхана).

Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жедел іс-шараларының нәтижесінде Орал қаласының № 3 емханасында № 086/е медициналық анықтаманы алуға жәрдемдесетін делдалдар анықталды, бұл ретте 3500-4000 теңгеге анықтама алған адам ешқандай медициналық тексеруден өтпейді («Instagram» әлеуметтік желісінде анықталды).

Нәтижесінде медициналық білімі бар, Республикалық жоғарғы техникалық колледжде фельдшер болып жұмыс істейтін азамат М.Қ. Төлеуғалиев өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, анықтамаларды (№ 086/е, № 063 және жұмысқа уақытша қабілетсіздік анықтамасы) қолдан жасап, кейін сатып отырған.

Анықтама: М.Қ. Төлеуғалиев №3 қалалақы емхананың мөрлерін, осы емхананың дәрігерлерінің жеке мөрлерін (12 мөр мен штамп) Ресей Федерациясы Самара қаласында қолдан жасатқан.

Қазіргі уақытта М.Қ. Төлеуғалиев Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен біргі, қазіргі уақытта Агенттіктің бастамасы бойынша өңірлерде осындай фактілерді жою мақсатында жұмысқа уақытша қабілетсіздік парақтары мен анықтамалары QR-кодпен беріледі. Олардың растығын смартфон арқылы тексеруге болады.

Қазіргі уақытта мұндай жұмысты Нұр-Сұлтан, қаласында, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілуде.

Атырау облысында Агенттіктің ұсынысы бойынша осындай анықтамаларды электрондық нұсқада беріледі және жұмыс берушінің электрондық поштасына жолданады.

04 апреля 2019
Темір жол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша

Бұл туралы бүгін МҚІСЖҚА «Адал жол» жобалық кеңсесінің басшысы Исламбек Майшекин сөз сөйледі.

Темір жол тасымалы саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында Агенттік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «ҚТЖ «ҰК» АҚ өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы заңнаманы жетілдіру, кадрлық, институционалдық және ұйымдастыру-бақылау іс-шаралары, бизнес-үдерістерді реинжинирингілеу және оларды автоматтандыру, ақпаратты жедел беру, т/ж тасымалдау саласындағы ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірледі.

Темір жол тасымалы бойынша жол картасы жолаушылар және жүк темір жол тасымалдарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған.

Жолаушылар т/ж тасымалдарының бағыты бойынша билеттерді сату кезінде, сондай-ақ жолаушыларды поезға отырғызу кезінде теріс пайдалануды бақылау мен шектеудің қазіргі заманғы әдістерін қамтитын жолаушылар темір жол тасымалдары бойынша билеттерді сатудың ақпараттық жүйесін пысықтау сияқты өзгерістер Көзделген. Бұл шара билеттерді сатып алу кезінде ашықтық қағидатын құруға бағытталған және делдалдардың билеттерді жаппай сатып алу мүмкіндігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Осы іс-шара шеңберінде ағымдағы билет-кассалық операцияларға толық тексеру жүргізіледі, теріс пиғылды іс-қимылдар арналары және тиісті техникалық шешімдерді енгізу анықталады.

Сондай-ақ, билеттерді сатып алу процестерін автоматтандыруға және электрондық сату үлесін арттыруға бағытталған іс-шаралар қарастырылған. Бұл-билеттерді сату сайтын жаңғырту, мобильді қосымшаны құру және электронды тәсілмен билеттерді сатуды көпшілікке тарату сияқты шаралар.

Жүк тасымалдары бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері процестерді цифрландыру және автоматтандыру рәсімдері арқылы да алып тасталады. Жүк тасымалдарында ІТ-құралдарын қолдану арқылы вагондарды басқару және диспетчерлендіру жүйесі енгізілетін болады, бұл вагондар қозғалысын қадағалауда ашықтықты тудырады.

Сондай-ақ, қағазсыз технологияны енгізу және адам факторын болдырмау жолымен жүк тасымалдарын "ДДР" автоматтандырылған басқару жүйесі шеңберінде адам факторының әсерін азайту, сондай-ақ локомотив бригадаларын оқыту процесін бақылауды автоматтандыру және локомотивті және біліктілік сыныбын басқару құқығына куәлік алу үшін емтихан қабылдау көзделген.

Жол картасының соңғы бөлімі «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі өзгерістерге арналған. Бұл сияқты шаралар:

- жұмысқа қабылдау кезінде тестілеуді электронды форматта өткізу, осы мәселе бойынша ұлттық персоналды басқару орталығымен келісімге қол жеткізілді;

- Халыққа қызмет көрсету стандарттарын, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шектеулерді қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу;

- Жолаушылар тасымалы саласындағы тексеру қызметін «ҚТЖ «ҰК» АҚ - ның көпфункционалды қызмет көрсету орталығы құрылымында «ҚТЖ «ҰК» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік департаментіне функционалдық-есеп беретін жеке ұтқыр мониторингтік топ құру жолымен қайта ұйымдастыру»;

- бұдан әрі, тауарларды сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті жеткізушілермен (жеткізушілермен) келіссөздер жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы кабинетін құру және регламенттеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

- ай сайын брифингтерді, конференцияларды немесе басшылықтың есептік кездесулерін өткізумен ақпараттық жұмысты күшейту және т/ж тасымалдау жүйесіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі жұмысқа арнайы мониторингтік топты тарту.

Құрметті қатысушылар, қабылданатын шаралар бірінші кезекте аталған салалардағы сыбайлас жемқорлықтың өсу деңгейін азайтуға бағытталған. Айта кету керек, барлық кешенді шаралар мүдделі тараптардың өзара және тығыз ынтымақтастығы аясында әзірленген.

04 апреля 2019
«Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен атқарылған жұмыс

Бүгін МҚІСЖҚА өткен баспасөз конференциясында «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Мұхтарита Сағындықова сөз сөйледі.

Жаңа жоғарыда әріптестерім айтып кеткендей жобалық кеңсенің негізгі мақсаты тұрмыстық жемқорлықты жою, тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу.

Жалпы, қай саланы алсақ та, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері кездеседі. Оның кейбірі жүйелік сыбайлас жемқорлыққа айналған, кейбірі бірлі-екілі сипатқа ие.

Мен сіздердің назарларыңызға жол қауіпсіздігі және автокөліктерді тіркеу саласындағы кейбір маңызды мәселелерді, сол салаларда кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдер туралы ақпаратты ұсынамын.

Жоба аясында қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде Ақтөбе қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының маңайында заңсыз техникалық байқау карталарын (Диа карталар) беру фактілері анықталып, материалдар Көліктік бақылау инспекциясына жолданды.

Нәтижесінде, «Бурнай» ЖШС-не 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, республикалық техникалық байқау операторларының тізімінен біржола шығару туралы сот шешімі шықты.

Бұл республикалық деңгейдегі проблема деп санаймыз. Көршілес Ресей, Армения елдерінен келіп жатқан автокөліктерді ескерсек, сол елдердің де жалған техникалық байқау карталарын жасау фактілері де кездеседі.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Себебі, мұндай құқық бұзушылықтар нәтижесінде ақауы бар автокөліктерді қолдануға рұқсат беріліп, нәтижесінде азаматтарымыздың өміріне және қауіпсіздігіне тікелей қатер төнуде.

Қазіргі күні жобалық кеңсемен «Жүргізуші куәлігін беру» және «Автокөліктерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтерін аудандық жерлерде Азаматтарға арналған үкімет арқылы көрсету мәселесі көтерілуде.

Бүгінгі күнге дейін бұл қызметтер Хромтау, Шалқар, Темір және Мұғалжар аудандарында полиция департаментінің тіркеу-эмтихан бөлімдерімен көрсетіліп келді.

Мониторинг көрсеткендей, аудандық емтихан-тіркеу бөлімшелерінде алғаш рет жүргізуші куәлігін алушылардың қаладағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алушылармен салыстырғанда пайыздық арасалмағы, яғни өту мүмкіндігі 2-3 есе жоғары (мамандандырылған орталықта – 28%, Хромтау ауданында – 44%, Темір ауданында – 81,5%).

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сұрақты туындатады. Себебі, аудандық жерлерде бейнебақылау жоқ, бақылау тиісті дәрежеде емес, автодроммен және бейнебақылаумен жабдықталған автокөліктермен қамтамасыз етілмеген.

Нәтижесінде, 2018 жылдың қараша айында Полиция департаментінің Хромтау аудандық емтихан-тіркеу бөлімшесінің қызметкері осындай фактілерге жол бергені үшін Ұлттық бюромен ұсталды.

Осыған байланысты, қазір департамент облыс әкімдігімен және Азаматтарға арналған үкімет облыстық филиалымен бірлесіп, Темір және Мұғалжар аудандарында тіркеу-эмтихан бөлімдерін азаматтарға арналған үкімет ғимараттарына көшірді. Байланыс құралдарын қосу, электрондық кезекті үйлестіру, бейнекамералар орнату жұмыстары жүргізілуде. Шалқар және Хромтау аудандарында да жақын аралықта көшіру жоспары бар.

Жалпы біз жүргізуші куәлігін алғаш алуды толығымен облыс орталығында беруге ұсыныс жасап отырмыз, бұл осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға үлкен ықпал етеді.

Осы жерде Азаматтарға арналған үкімет ғимараттарында орналасқан екінші деңгейлі банктердің қызметіне қатысты бір ақпаратты ұсынғым келіп отыр.

Аталған банктерде тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде баж салығына әртүрлі комиссиялық алым мөлшері бекітілген.

Мысалы, жеке төлқұжат алу үшін баж салығы 505 теңгені құраса, ол үшін комиссиялық алым «Казпошта» АҚ – 202 теңге, «Нұрбанк» АҚ – 205 теңге, «КазАФМ» АҚ мультикассасында – 500 теңге.

Немесе, жүргізуші куәлігін алу үшін баж салығы 3156 теңгені құраса, ол үшін комиссиялық алым «Казпошта» АҚ – 150 теңге, «Нұрбанк» АҚ – 250 теңге, «АзияКредитБанк» АҚ – 294 теңге, «Эксимбанк» АҚ – 200 теңге.

Бұл жағдай да тұрғындардың арасында наразылық туындатып отыр. Банктерге тиісті ұсыныстар енгізілді, заң шеңберінде бағаны тұрақтандыру, тұрғындарды комиссиялық алым мөлшері жөнінде ақпараттандыру туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар, жобалық кеңсе қызметкерлерімен және қоғам белсенділерінің қатысуымен жоғалған автокөліктің тіркеу номерлерін қайта даярлау шаралары бойынша «Жасырын сатып алушы» әдісімен әлеуметтік желілер мен ақпараттық баспаларда мониторинг жасалды.

Мониторинг нәтижесінде, кез-келген автокөліктің тіркеу номерін 19 200 теңгеге жасап беруге дайын тұлғалар анықталды.

ҚР ІІМ-нің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №3 бұйрығымен бекітілген (ҚР Ішкі істер органдарының бөлімшелерінде көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің баланкілерін дайындау, сақтау және есепке алу, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру және дайындау қағидаларын бекіту) Ережеде мемлекеттік тіркеу номерлерін әзірлеу және қайта әзірлеудің тәртібі көрсетілген.

Яғни, бұл қызметтер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 5, Шымкент қаласында 15 жұмыс  күні ішінде көрсетіледі және қызметке тапсырыс беру кезінде 2,8 АЕК немесе 7070 теңге баж салығы мен болған жағдайда бұрынғы айыппұлдарын төлеу талап етіледі.

Дегенмен, азаматтар уақытты қысқарту және айыппұлдарын жасыру мақсатында аталған қызметті алуда ортадағы делдалдарға жүгінеді.

Ағымдағы жылдың басындағы Tengrinews.kz, Nur.kz интернет порталдарындағы жарияланымдарға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында бір жалған номер пайдаланған бірнеше автокөліктің жол ережесін көп рет бұзғандығы көрінеді. Мысалы, автобус жолағымен 367 рет жүрген, 188 рет жүру жылдамдығын асырған (қаланың ішінде сағатына 160 шақырымнан асырған), бұл құқық бұзушылықтар үшін 6 255 405 теңге айыппұл жазылған, алайда мемлекеттік номердің тіркелмеуі салдарынан оны өндіру мүмкін емес. Ең сорақысы бұл көліктер жол апатына ұшырап, адамдарға немесе басқа көліктерге зақым келтірсе және апат орнын тастап кетсе, оны табу қиын болмақ.

Қазіргі күні бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарыдағы ақпараттарды назарға ала отырып, жобалық кеңсе тұрғындарды аталған қызметті тек «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы алуды ескертеді.

Жобалық кеңсе тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын жол белгілерін, жол қозғалысына кедергі келтіретін жарнамалық нысандарды анықтау және оларды жою жұмыстары да қолға алынды.

Атап айтсақ, өздеріңіз білесіздер кей жағдайда кейбір тыйым салатын жол белгілері жол сақшыларының әдейі сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол беруіне ықпал етеді.

Қоғам белсенділерінің және қала тұрғындарының ұсынысына сәйкес, жобалық кеңсе Ақтөбе қаласының әкімдігімен бірлесе отырып қаланың басты көшесі саналатын Әбілхайыр хан даңғылы бойындағы осындай жол белгілерін алдырып тастады. Атап айтсақ, көлікті тігінен қою мүмкіндігі бар жерлерге көлденеңнен қою белгілері орнатылған. Осы жағдайды жол патрульдік полиция қызметкерлері пайдаланып, азаматтарға айыппұлдар салған немесе мүмкін сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол беріп отырған. Мысалы, автокөлікті тұраққа дұрыс қоймағаны үшін айыппұл көлемі 10 АЕК (25250 теңге) құрайды.

Бұл жол белгілері туралы тұрғындар бірнеше жылдан бері шағымданып келе жатса да, жауапты мекемелермен тиісті шаралар қолданылмаған.

Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінде жол қозғалысына кедергі келтіретін 10-нан астам жарнамалық нысандарға да сараптама жасалды. Бүгінгі күні раушан түріндегі гүл мүсіндері алынып тасталынды. Қалған жарнама нысандары ауа-райы қолайлы болып, топырақ кепкеннен кейін ауыстырылатын болады. Бұл жарнама нысандары көлік жүргізушілеріне бағдаршамдарды немесе жаяу жүргіншілерді көрмей қалу қаупін төндірген.

Ағымдағы жылдың наурыз айында көші-қон қызметі орталығында шетел азаматтарының мемлекеттік қызметтерді алуы барысында заңсыз делдалдық қызметтер ұсынушылардың (помогайки) жолын кесу мақсатында «Жасырын сатып алушы» іс-шарасы ұйымдастырылып, бірнеше тұлға анықталды.

Орталыққа келуші азаматтардан алынған сауалнамаға сәйкес, заңсыз делдалдардың 35000 теңге көлеміндегі соммаға дейін сыйақы алатындығы анықталды. Аталған заңсыз сыйақыны қолхат арқылы қарыз етінде рәсімдеп, алып отырған.

Іс-шара нәтижесі бойынша барлық материалдар жинақталып, Ұлттық Бюроның Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды.

Жобалық кеңсемен «Саналы ұрпақ» республикалық жобасы аясында ағымдағы жылдың 25 ақпаны мен 20 наурызы аралығында жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру студенттері арасында жасырын сауалнама жүргізілді.

Сауалнама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңсыз материалдық сыйақы алу фактілерін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Сауалнама жалпы саны 1552 студентті құрайтын өңірлік 4  жоғары оқу орны мен 11 мемлекеттік колледждерді қамтыды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес емтиханның оң қорытындысы үшін жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждерде 1000-80000 теңге көлемінде заңсыз материалдық сыйақы алу және беру фактілерінің бар екендігі анықталды.

Бүгінгі таңда, жүргізілген сауалнама туралы ақпараттар тиісті заңдық шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына жолданды.  

Сондай-ақ, оқу орындары басшыларының және қоғам белсенділерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу ұйымдастырылып, мәселе кеңінен талқыланды.

Жалпы, оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында департаментпен, оқу орындарымен жұмыстар бұған дейін де атқарылып келген:

- 2017 жылы барлық оқу орындары басшыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы хартияға қол қойылып, міндеттер айқындалды.

- осы жылы барлық оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялар жасақталды.

- 2018 жылы магистрантура мен доктарантураға білім гранттарын бөлуге департамент жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.

- барлық оқу орындарында студенттерге қызмет көрсету орталықтары ашылды.

- «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі құрылып, студенттік клубтар жасақталды.

- антиплагиат бағдарламасы іске қосылды, емтихан өткізу кабинеттері бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді, мұғалімдерге қосымша ақы төлеу мәселесі шешілді.

Дегенмен де, өкінішке орай жоғарыда аталған фактілер орын алуда. Оқу орындарымен бірлесіп, жұмысты күшейту бойынша келісімге келдік.

Жобалық кеңсе қызметкерлері оқушылар арасындағы облыстық олимпиадаға, мектеп басшылығына үміткерлерді тестілеуден өткізуге байқаушы ретінде қатысып, ашықтықты қамтамасыз етті.

Облыстық сот төрағасымен меморандумға қол қойылды. Оның нәтижесі де бар. 12 наурызда полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс ашық түрде өткізіліп, оған оның ұжымы мен қол астындағы қызметкерлері қатыстырылды. Бұл профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол берген мемлекеттік қызметшілердің істері міндетті түрде ашық өткізіліп, ұжымының және басқа да мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өтетін болады.

Бұдан өзге қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, мемлекеттік орган басшыларына түзету мекемелерінде экскурсия өткізу қолға алынды. Бұл шараны да нақты профилактикалық маңызы бар деп түсінеміз және одан әрі жалғастыратын боламыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желіде белсенділік танытып, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуын тапсырған болатын. Сонымен қатар, жобалық кеңсе бағыттарын ескере отырып және тұрғындардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін ескеріп, Инстаграм желісінде тұрақты тікелей эфир айдары ашылды. Ол жерде мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап беруде. Бүгінгі күнге дейін облыстық білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар және денсаулық сақтау басқармалардың басшылары тікелей эфирге қосылды. Тікелей эфир барысында азаматтардан 200-ден астам сұрақтар түсіп, кейбір мәселелер дер кезінде шешіліп отырды.

Түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Кеңсе қызметкерлері, мемлекеттік органдар және әр саладағы ұйымдар қызметкерлерімен, тұрғындармен 100-ге жуық кездесулер ұйымдастырды.

Бұдан өзге, 97 кәсіпкерлік субъектілерінің ұжымымен мақсатты кездесулер ұйымдастырылып, мемлекет саясатының негізгі бағыттары түсіндірілді. «Protecting Business and Investments» (Протектинг бизнес энд Инвестментс) жобасы аясында мемлекеттік органдар тарапынан сөзбұйдашылыққа жол берілген жағдайда, жобалық кеңсеге жүгіну мүмкіндігі назарларына жеткізілді.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының емхана мен ауруханаларында визуалды мониторинг іс-шаралары белсенді түрде жүргізілуде.

Наурыз айында пациенттердің шағымдары бойынша жобалық кеңсе қызметкерлері Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында болды.

Көптеген фактілер расталды, нәтижесінде облыстық денсаулық сақтау басқармасына орын алған кемшіліктерді шұғыл жою бойынша нұсқамалар жолданды.

Бірлесіп атқарылған ұмыс қорытындысымен бүгінгі таңда негізгі кемшіліктер жойылды.

Яғни, егер бұрын облыстық балалар ауруханасының емделушілері суық палаталарға шағымданып, жылытқыштар әкелуге мәжбүр болған болса, бүгінде жылу беру мәселесі толығымен шешілген. Барлық платаларда дәретханалар жұмыс істеп, ыстық және суық сумен толық қамтамасыз етілген.  Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мәселесі де шешіліп, аурухананың барлық қабаттарында алғашқы өрт сөндіру құралдары орнатылды.

Мұндай жұмыстар облыстың барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарының заңдылығын тексеру толығымен автоматтандырылған. Берілген ауруханалық парақтың заңдылығын тексеру үшін "DamuMed" мобильдік қосымшасында ақпараттық сервис әзірленді. Енді жұмыс берушілерде берілген медициналық құжаттың дұрыстығын өз бетінше тексеру мүмкіндігі бар. Егер азамат шын мәнінде медициналық ұйымда тіркелген болса, онда жүйе сәйкестендіру нөмірінің кодын және пациенттің деректерін көрсетеді. Бланкілерде QR-код орналасқан. Жұмыс берушілер DamuMed қосымшасын көшіріп алып, QR-кодқа смартфонның камерасын жақындатып, "еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары" бөлімшесінде құжаттың түпнұсқалығы туралы барлық қажетті ақпаратты ала алады.

03 апреля 2019
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбул іс-қимыл жоспары аясында ЭЫДҰ ұсынымдарын орындауда прогреске қол жеткізді

20-21 наурызда Париж қаласында ЭЫДҰ секретариаты Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбул іс-қимыл жоспары мониторингінің 4-ші раунды ұсыныстарының орындалуы туралы аралық есепті қарастырды және қабылдады

Бағалау қорытындысы бойынша 29 ұсынымның 5 – і бойынша айтарлықтай прогресс, 15 – прогресс, 9 - прогрестің жоқтығы байқалады

ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін одан әрі арттыру бойынша елеулі қадамдар жасағанын атап өтті.

Арнайы мониторинг тобының қызметіне, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға түзетулерге, квазимемлекеттік секторды сатып алуларды құқықтық реттеуге, жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына жоғары баға берілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұртшылықтың белсенді қатысуы, мемлекеттік қызметті жетілдіруді жалғастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қайтадан енгізу, мемлекеттік органдар, ұйымдар басшыларының сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөнінде шараларды қабылдау міндеттерін енгізу бойынша заңнамалық бастамалар оң бағаланды.

Бұл ретте сарапшылар Қазақстанның қылмыстық заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жұмысты жалғастырудың қажеттігін атап өтті. . Атап айтқанда, бұл пара беру уәделері мен ұсыныстарының, заңсыз байыту қылмыстар қатарына жатқызу және т. б.

Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбул іс-қимыл жоспары қосалқы өңірлік бағдарламаға 2004 жылдан бастап қатысады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық пен институционалдық қорының тиімділігін бағалаудан тұрақты түрде өтеді.

Ұсынымдардың орындалуы туралы есептер ЭЫДҰ сайтында  орналастырылған.

 

Социальные сети
Instagram
Telegram
Facebook
Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы